Skip to main content

Теңге бағамының тұрақтануына не әсер етті?

Үкімет квазимемлекеттік секторға валюталық табысының бір бөлігін ішкі нарықта сатуды міндеттеген

Фото: Олег Спивак

Валюталық түсімнің бір бөлігін сату міндеттелгелі бері, 2020 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша, квазимемлекеттік компаниялар ішкі нарықта  312,3 млн доллар өткізген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ерболат Досаев мәлімдеді.

Ұлттық банктің бастамасымен ел үкіметі наурыз айында ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру үшін квазимемлекеттік сектордың валюталық табысының бір бөлігін ішкі нарықта сатуды міндеттеу туралы шешім шығарған еді. Бұл шешім төтенше жағдай режимі кезінде негізгі капиталындағы мемлекеттің үлесі 50 пайыздан асатын квазимемлекеттік нысандарға қатысты болған. 

Валюталық түсімнің бір бөлігін ішкі нарықта сату 26 наурыздан басталды. 31 наурызда 50 млн доллар сатылса, 11 мамырға дейін оның көлемі 6 есе артқан. 

«Валюталық түсімнің бір бөлігін сату міндеттелгелі бері, 2020 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша, квазимемлекеттік компаниялар ішкі нарықта  312,3 млн. доллар сатты», - деді Ұлттық банк басшысы үкімет отырысында. 

Биыл сәуір айында  квазимемлекеттік компаниялардың ішкі нарықта өткізген валюта көлемі 32 млн АҚШ долларын құрған. Нәтижесінде шетел валютасына деген сұраныс экспорттаушы компаниялар қалыптастырған ұсыныс, Ұлттық қордан бюджетке кепілдендірілген трансферттерді бөлу мақсатында валюта сату, сондай-ақ квазимемлекеттік компаниялардың валюталық түсімдердің бір бөлігін міндетті түрде сатуымен толық өтелді.

Бұл ретте бас банкир карантин кезінде көптеген кәсіпорындар шектеулі режимде жұмыс істегенін, ол өз кезегінде шетел валютасына деген сұраныстың төмендеуіне, биржадағы сауда-саттық көлеміне әсер еткенін айтып өтті.

"Наурыз айымен салыстырғанда теңге-доллар жұбының валюталық сауда-саттық көлемі 3,46 млрд АҚШ долларынан 1,72 млрд АҚШ долларына дейін, екі есе төмендеді», - деді Досаев. 

Жалпы алғанда, сәуір айында ішкі валюта нарығындағы жағдай тұрақтанып, теңге 5,2 пайызға нығайып,  бір доллар 424,57 теңге көлемінде саудалаған.

Алдын-ала деректер бойынша Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері сәуір айында негізінен алтын портфелінің өсуі есебінен 30,5 млрд АҚШ долларына жетіп,  2,4%-ке немесе 0,7 млрд АҚШ долларына өскен. Бағалы металл бағасы 7%-ға (бір унция үшін 1605  доллардан 1717 долларға дейін)  қымбаттаған.

Ұлттық қордың активтері бір айда 1,1 млрд АҚШ долларына немесе 1,9%-ке артып, 58,5 млрд АҚШ долларын құрады. Халықаралық жалпы резервтер биыл сәуірдің соңында 89,04 млрд. АҚШ долларына жетіп, бір айда 2,1%-ке артты.
 

banner_wsj.gif

Кәсіпке керек қаражатты қайдан алуға болады?

Жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін тиімді несие бағдарламаларын таныс болыңыз

Фото: shutterstock.com

Елімізде жас кәсіпкерлер үшін бірнеше ыңғайлы бағдарламалар қарастырылған. Оның ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін жеңілдетілген несие жобалары да бар. Қазір соның біразымен таныстырамыз. 
    

1. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы. 
Несие – 21 200 000 теңге. (8000 АЕК). 
Несие мөлшерлемесі – 6 пайыз. 5 жылға дейін. 
Бағдарламаға: 
•    Жұмыссыздар; 
•    Өз-өзін жұмыспен қамтушылар; 
•    Енді кәсіп бастаушылар; 
•    Кәсіпкер; 
•    Ауыл шаруашылық кооперативтері және олардың зейнет жасына жетпеген мүшелері. 

2. «Даму-Микро» бағдарламасы. 
Несие – 8000 АЕК. 
Несие мөлшерлемесі – 30 пайыз. 7 жылға дейін. 
Бағдарламаға кіші, шағын және орта бизнес субъектілері, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар қатыса алады. 

ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАР:

1. «Ақтөбе Жасстарт» бағдарламасы. 
Несие – 20 млн теңгеден көп емес. 
Несие мөлшерлемесі – 8,5 пайыз. 7 жылға дейін. 
Бағдарламаға Ақтөбе облысы аумағында бизнес-жобасын жүзеге асыратын 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер қатыса алады. 

2. «Алматы-Жібек Жолы» бағдарламасы. 
Несие – 180 млн теңгеден көп емес. 
Несие мөлшерлемесі – 7 пайыз. 7 жылға дейін. 

3. «Алматы-Өнім» бағдарламасы. 
Несие – 100 млн теңгеден көп емес. 
Несие мөлшерлемесі – 8,5 пайыз. 7 жылға дейін. 
Жаңа нәрсе сатып алу және модернизацияға берілетін уақыт – 84 ай. Айналым қаржысын толықтыру – 36 ай. 

4. «Алтын кеме» бағдарламасы (Атырау облысы). 
Несие – 50 млн теңгеден көп емес. 
Несие мөлшерлемесі – 8,5 пайыз. 7 жылға дейін. 
Бағдарламаға салалық шектеусіз Атырау облысына қарасты моноқалалар мен ауылдық жерлерде кәсіп жүргізетін азаматтар қатыса алады. 

5. «Астана Startup» бағдарламасы. 
Несие – 50 млн теңгеден көп емес. 
Несие мөлшерлемесі – 7,9 пайыз. 7 жылға дейін. 
Жобаға Нұр-Сұлтан қаласында тұратын жас кәсіпкерлер қатыса алады. Займ үшін банкке хабарласқан уақытта жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретіндегі мемлекеттік тіркеу мерзімі – 3 күнтізбелік жылдан аз уақыт.  

6. «Береке – 4» бағдарламасы (Жамбыл облысы). 
Несие – 50 млн теңгеден көп емес. 
Несие мөлшерлемесі – 8,5 пайыз. 7 жылға дейін. Жобаның мақсатты сегменті – Жамбыл облысы аумағында тіркеліп, жоба жүзеге асырушы жас кәсіпкерлер. 

7. «Ақ-Жайық» бағдарламасы (БҚО). 
Несие – 50 млн теңгеден көп емес. 
Несие мөлшерлемесі – 8,5 пайыз. 7 жылға дейін. Жобаның мақсатты сегменті – Батыс Қазақстан облысы аумағында тіркеліп, жоба жүзеге асырушы жас кәсіпкерлер. 

8. «Мен кәсіпкер боламын» (Түркістан облысы). 
Несие – 10 млн теңгеден көп емес. 
Несие мөлшерлемесі – 8,5 пайыз. 7 жылға дейін. Жобаның мақсатты сегменті – Түркістан облысы аумағында тіркеліп, жоба жүзеге асырушы жас кәсіпкерлер. Бағдарламаға орта және шағын бизнес өкілдері, 21-35 жас аралығындағы енді бастаған жас кәсіпкерлер қатыса алады. 
 

 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png