22 миллион теңге несиені қалай алуға болады?

Мемлекет мал шаруашылығы үшін тиімді жоба ұсынып отыр

Фото: kursiv.kz

Енді қазақстандықтар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі сомада несие алып, кәсіп бастай алады. 

    Аталған бағдарламаның еңселі бір бағыты – жұмыссыз немесе өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың бизнес ашуына мүмкіндік сыйлау. Бұл орайда бағдарлама елімізде ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдауға көмектесетін ыңғайлы несие ұсынады.

    Егер сіз мал шаруашылығымен айналысуды қаласаңыз, не болмаса ауыл шаруашылық кооперативтерін құрар болсаңыз – 7 жылға 6 пайызбен 22 миллион теңге несие алуыңызға мүмкіндік бар. Егер несиеге өтініш беруші аз қамтылған немесе көп балалы отбасыдан шыққан болса, онда несие оған 4 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. 

    Несие алып, кәсіп бастау үшін алдымен «Бастау Бизнес» жобасы аясында бизнес-жобаны қорғаған немесе басқа бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік оқу курстарының сертификатын алған болуы тиіс. 

    Жалпы, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 6 млрд теңгеге 1 164 микро несие беріліп, оның 3,67 миллиарды 971 ауыл кәсіпкерінің қажетіне жараған. Сөй    тіп, олар 1 061 жұмыс орнын құрған. Осы жылға бөлінген қаражат мөлшері – 54,2 млрд теңге. Соның 43,3 миллиарды ауылдық, 10,9 миллиарды қалалық кәсіпкерлердің еншісіне тиуі керек. Егер осы жоспар жүзеге асса онда 13 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. 

    Ал қазіргі күнге дейін осы бағдарламаға 157,5 мың адам қатысыпты. Соның 110 мыңнан астамы жұмыссыздар екен. Жалпы: 
•    Субсидияланатын жұмыс орындарына 64,3 мың адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде: 
1.    Әлеуметтік жұмыс орындарына – 11,6 мың; 
2.    Жастар практикасына – 9,7 мың; 
3.    Қоғамдық жұмыстарға – 43 мың адам тартылған. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан су жаңа ақпараты бойынша, қысқа мерзімді оқыту курстарына 676 адам жіберілген. Жыл соңына дейін осы шарамен 18,8 мың адамды қамту жоспарланып отыр. 
 

banner_wsj.gif

Коронавируспен күреске қанша қаржы бөлінді?

ДСМ мәліметі бойынша, бөлінген қаржының жалпы сомасы 114 млрд теңгені құрайды

Фото: Курсив

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусқа күреске бөлінген қаражат туралы айтып берді. Ведомство басшысының айтуынша, ауруға қарсы тұруға бөлінген қаржының жалпы сомасы 114 млрд 826 млн теңгені құраған.

«Бұл қаржының 40 млрд 58 миллионы Үкімет қорынан бөлінді. Жеке қорғаныш құралдарын сатып алуға  – 21 млрд 184 млн теңге, дәрі - дәрмек, медициналық бұйымдар сатып алуға – 2 млрд 30 млн теңге, зертханалық жабдықтар мен коронавирусты анықтауға арналған жүйелерді сатып алуға 2,5 млрд теңге қарастырылған», – деді министр  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, коронавирусты анықтауға қажетті реагенттерді әзірлеу және шығару қызметін сатып алуға –  100 млн теңге, ПТР әдісімен зертханалық зерттеулерге –13,7 млрд теңге, жедел медициналық көмек автомобильдерін жабдықтауға қажетті өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға 310 млн теңге кеткен.

Бұл ретте Алексей Цой Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға 131 млн теңге жұмсалғанын мәлімдеді.

"Республикалық бюджеттен 74 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде 19,5 млрд теңге – инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарлардағы медициналық қызметтерге, 40,4 млрд теңге –карантин шараларына тартылған қызметкерлерді ынталандыруға, 14,8 млрд. теңгесі – Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында жедел салынатын үш инфекциялық ауруха салуға жұмсалды",–  деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, наурыз айында АҚШ үкіметі коронавирус инфекциясымен күрес әлеуетін күшейту үшін Қазақстанға $ 890 мың бөлуге дайын екендігі хабарланған. Бұл жөнінде олар Қазақстанда алғашқы вирус жұқтырғандар анықталғанға дейін мәлімдеген болатын. Кейінірек CDC агенттігі (АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) осы мақсатқа 1,68 млн доллар бөлінгенін хабарлады.

Мамыр айында АҚШ коронавируспен күреске Қазақстанға қосымша 1,5 млн доллар бөлетінің мәлімдеп, нәтижесінде көмектің жалпы сомасы 3,11 млн долларға жетті.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер