Skip to main content

Заңды тұлғалардың банктік шоттан қолма-қол ақша алуына лимит енгізілді

Бұл шектеу 1 маусымнан өз күшіне енеді

Фото: kursiv.kz

21 сәуір күні Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалар үшін банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талаптардың өзгергенін мәлімдеді. Шоттан шешіп алуға рұқсат берілген соманың шекті мөлшерінн белгілеу туралы қағида 1 маусымнан күшіне енеді, деп хабарлайды баспасө қызметі. 

Ұлттық Банктің ақпараты бойынша, заңды тұлғалардың банктік шоттарынан қолма-қол ақша алуға келесі лимит белгіленген:

  • шағын бизнес үшін– күнтізбелік айда 20 миллион теңге;
  • орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 миллион теңге;
  • ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 миллион теңге.

Сонымен қатар,  егер заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банктерге тиісті негіздемені ұсынса, белгіленген лимиттен артық ақша алуға рұқсат етіледі. Өз кезегінде, ЕДБ соманы көбейтуге арналған өтінімді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіп, 3 жұмыс күні ішінде келісуі керек.

«Егер компания үш жұмыс күні ішінде Қаржыминнің МКК-нен жауап алмаса, онда аталған сұрату бойынша қолма-қол ақшаны алу бойынша транзакция автоматты түрде мақұлданды деп есептеледі», – деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

Енгізілетін шектеу жек тұлғалар мен кейбір  бизнес субъектілеріне:

  • дара кәсіпкерлерге;
  • микрокәсіпкерлік субъектілеріне; 
  • ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, балық өсіру өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға; 
  • тамақ өнімдерін, сусындарды, фармацевтикалық,  медициналық және ортопедия тауарларын бөлшек сатумен айналысатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Дина Ғалиеваның айтуынша,  бұл жаңашылдық көлеңкелі экономиканың мөлшерін төмендетуге, бизнес субъектілері жүргізетін операциялардың айқындылығын арттыруға, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы күреске және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған.

 «2019 жылы орташа статистикалық есеп бойынша, бір заңды тұлға жылына шамамен 9 млн теңгені немесе айына 747 мың теңгені қолма-қол ақшамен алған. Біз енгізетін лимит жоғарыда көрсетілген саннан әлдеқайда жоғары. Сондықтан біз бизнес үшін қандай да бір қиындықтар туындайды деп ойламаймыз», – деп атап өтті ҰБ төрағасының орынбасары. 

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, қолма-қол ақша нысанында есептеудің шекті мөлшерін белгілеу тәжірибесі басқа елдерде де бар. 
Мысалы, Еуропалық Одақ елдерінде қолма-қол ақшамен төленетін мәмілелер мен сатып алулар бойынша шекті мөлшерлер еліне байланысты 1 000 еуродан 15 000 еуроға дейін жетсе, АҚШ-та – 10 000 Америка долларын, Канадада – 10 000 Канада долларын, Австралияда – 10 000 Австралия долларын құрайды.

banner_wsj.gif

22 миллион теңге несиені қалай алуға болады?

Мемлекет мал шаруашылығы үшін тиімді жоба ұсынып отыр

Фото: kursiv.kz

Енді қазақстандықтар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі сомада несие алып, кәсіп бастай алады. 

    Аталған бағдарламаның еңселі бір бағыты – жұмыссыз немесе өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың бизнес ашуына мүмкіндік сыйлау. Бұл орайда бағдарлама елімізде ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдауға көмектесетін ыңғайлы несие ұсынады.

    Егер сіз мал шаруашылығымен айналысуды қаласаңыз, не болмаса ауыл шаруашылық кооперативтерін құрар болсаңыз – 7 жылға 6 пайызбен 22 миллион теңге несие алуыңызға мүмкіндік бар. Егер несиеге өтініш беруші аз қамтылған немесе көп балалы отбасыдан шыққан болса, онда несие оған 4 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. 

    Несие алып, кәсіп бастау үшін алдымен «Бастау Бизнес» жобасы аясында бизнес-жобаны қорғаған немесе басқа бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік оқу курстарының сертификатын алған болуы тиіс. 

    Жалпы, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 6 млрд теңгеге 1 164 микро несие беріліп, оның 3,67 миллиарды 971 ауыл кәсіпкерінің қажетіне жараған. Сөй    тіп, олар 1 061 жұмыс орнын құрған. Осы жылға бөлінген қаражат мөлшері – 54,2 млрд теңге. Соның 43,3 миллиарды ауылдық, 10,9 миллиарды қалалық кәсіпкерлердің еншісіне тиуі керек. Егер осы жоспар жүзеге асса онда 13 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. 

    Ал қазіргі күнге дейін осы бағдарламаға 157,5 мың адам қатысыпты. Соның 110 мыңнан астамы жұмыссыздар екен. Жалпы: 
•    Субсидияланатын жұмыс орындарына 64,3 мың адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде: 
1.    Әлеуметтік жұмыс орындарына – 11,6 мың; 
2.    Жастар практикасына – 9,7 мың; 
3.    Қоғамдық жұмыстарға – 43 мың адам тартылған. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан су жаңа ақпараты бойынша, қысқа мерзімді оқыту курстарына 676 адам жіберілген. Жыл соңына дейін осы шарамен 18,8 мың адамды қамту жоспарланып отыр. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png