1 view

Теңге бағамының сәл-пәл тұрақтануына не себеп?

Үлттық банк қандай шараларды қолға алған

Фото:shutterstock.com

Наурыздың ортасында  ұлттық валюта қатты құнсызданып, айырбастау пунктерінде бір доллардың бағасы 450 теңгедан асып жығылған еді. Қазір 19 наурыздағы бағаммен салыстырғанда 4,7 пайызға нығайып, 1 АҚШ доллар үшін 427 теңге болып тұр. Қазақстанның қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы тақырыбындағы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев валюта нарығындағы жағдайды мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, ОПЕК+ мәмілесінің ыдырауы, Ресей рублінің әлсіреуі және коронавирустың тез таралуы салдарынан әлемдік қаржы нарығындағы құбылмалылық артып, сондай-ақ наурыз айында мұнай бағасының бір баррель үшін 22,7 АҚШ долларына дейін, жыл басындағы бағамен салыстырғанда 2,9 есе күрт арзандайы ішкі валюта нарығына қысым көрсеткен.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және алыпсатарлық мәмілелерді шектеу мақсатында  10 наурыздан бастап Ұлттық Банк интервенция жүргізген.

"Сонымен қатар, валюта ұсынысының төмендеуі және теңгенің айырбастау бағамына күрт қысым жасау үшін алғаш рет франкфурттық аукцион әдісі іске қосылды. Бұл шара бағамға алыпсатарлық қысымды төмендетуге бағытталды. Валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін арттыру үшін Үкіметпен бірлесіп шетел валютасы ұсынысын ұлғайту бойынша шаралар қабылданды. Оған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сатуы және валюталық депозиттерді ҚР екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттарға аударуы, заңды тұлғалардың валютаны сатып алуына/сатуына қойылатын талаптарды күшейтуі кіреді", - деді Ерболат Досаев.

Осы шаралар 19 наурыздағы бір АҚШ доллары үшін 448,5 теңгеге жеткен ең жоғарғы мәнмен салыстырғанда, 13 сәуірдегі көрсеткіш бойынша, ұлттық валюта бағамының бір АҚШ доллары үшін  427,25 теңгеге дейін 4,7%-ке (немесе 21,27 теңгеге) нығаюына ықпал етті.

Төлем балансының ағымдағы шоты 2019 жылы 6,5 млрд АҚШ доллар дефицитпен қалыптасқан, Дефициттің артуына азық-түлікке жатпайтын және инвестициялық тауарларды тасымалдаудың артуы салдарынан импорт көлемінің  4,5 млрд долларға өсуіне және мұнайдың қатты арзандағандықтан  елдегі экспорт көлемінің 2,0 млрд АҚШ долларына азаюы ықпал еткен. 

Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері биыл наурыз айында 30,0 млрд АҚШ долларға дейін, бар-жоғы 0,3 пайыз немесе 78,9 млн АҚШ долларына артқан. ҰБ-дағы ЕДБ шоттарына 1,5 млрд АҚШ доллары мөлшеріндегі шетел валютасының түсімі валюта нарығында интервенциялармен (1 488 млн АҚШ доллары) теңестіріліпті.

6 сәуір күні базалық ставка 9,5%-ға дейін төмендетіліп, ал 10 наурызда ол 12%-ға дейін көтерілді. Досаевтың пікірінше, ставканың төмендеуі экономиканы несиелендірудің дамуына ықпал етеді.

Инфляция наурыз айында жылдық мәнде 6,4% -ға артып кетті. Тек бір айың ішінде инфляцияның 1,7%-ға артқанын байқаймыз. Бұл 2017 жылдан  бергі ең жоғарғы мән. Соның салдарына наурыз айында қант – 8,5%-ға, көкөністер мен жемістер – 5,1%-ға, қарақұмық-2,5%-ға қымбаттады. Азық-түлік емес тауарлардың бағасы наурыз айында жылдық мәнде 5,5 пайызға қымбаттаған. 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер