Skip to main content

1,8 млн адам несие мерзімін кейінге шегеруге өтініш берген

13 мыңнан аса кәсіпкер қаржылы қиындыққа тап болған

Фото: kursiv.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегі бойынша, екінші деңгейлі банктер мен өзге де кредиттік ұйымдарға қарызы мен микрокредит төлемін төтенше жағдайға байланысты тоқтата тұруды сұрап 1 844 599 өтінім келіп түскен. Соның ішінде 1 831 489 жеке тұлға, 13 110 шағын және орта кәсіпкер қарыз төлемінің мерзімін кейінге  шегеруге өтініш беріпті. 

Нәтижесінде 1,6 миллионнан аса қарыз алушының қарызының мерзімі кейінге шегерілген. 


"Қазіргі кезде 1 661 232 жеке тұлғаның 237,4 млрд теңге сомасындағы қарызы немесе барлық қарыз алушының 31,3%-ының төлемдерін тоқтату тұру туралы шешім шықты. Сонымен қатар 11 561 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің  немесе кәсіпкерлердің 44,1%-ның жалпы сомасы 138,8 млрд теңге несие мерзімі кейінге шегерілді. Қалған өтінімдер қаралып жатыр, 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылданады», – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Қазақстанда барлығы 5,3 млн азамат банктерге 4,4 трлн теңге берешек.  Ал 26,2 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 3,9 трлн теңге қарызы мен микрокредит бойынша берешегі бар.

Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктерден алынған деректерге сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілері және дара кәсіпкерлер кредит алу үшін 274,8 млрд теңге сомаға 1 313 өтінім берді. Оның ішінде жалпы сомасы  62,5 млрд теңгені құрайтын  246 қарыз мақұлданған.

Айта кетейік, мемлекет  басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын" әзірлеген. Осы Бағдарламаны іске асыру үшін шағын, орта кәсіпкерлік субъектілеріне және дара кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру үшін 600 млрд теңге бөлінеді.

Бизнесті қолдау тетігі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, дара кәсіпкерлерге айналым капиталын толықтыру үшін 12 айға дейін жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлемемен кредит беру арқылы іске асырылады. Екінші деңгейлі банктердің қаражатты игеру мерзімі 3 айды құрайды.

Қаражат ШОБ субъектілеріне кредит беруге жұмсалуға тиіс. Шағын және орта кәсіпкерлер  - 3 млрд, ал жеке кәсіпкерлер 50 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады. 

Айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қарыз алушының банктік шотына аударылады және қарыз алушы тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет ақысын, салық пен бюджетке басқа да төлемді, жалақыны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді. 

banner_wsj.gif

22 миллион теңге несиені қалай алуға болады?

Мемлекет мал шаруашылығы үшін тиімді жоба ұсынып отыр

Фото: kursiv.kz

Енді қазақстандықтар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі сомада несие алып, кәсіп бастай алады. 

    Аталған бағдарламаның еңселі бір бағыты – жұмыссыз немесе өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың бизнес ашуына мүмкіндік сыйлау. Бұл орайда бағдарлама елімізде ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдауға көмектесетін ыңғайлы несие ұсынады.

    Егер сіз мал шаруашылығымен айналысуды қаласаңыз, не болмаса ауыл шаруашылық кооперативтерін құрар болсаңыз – 7 жылға 6 пайызбен 22 миллион теңге несие алуыңызға мүмкіндік бар. Егер несиеге өтініш беруші аз қамтылған немесе көп балалы отбасыдан шыққан болса, онда несие оған 4 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. 

    Несие алып, кәсіп бастау үшін алдымен «Бастау Бизнес» жобасы аясында бизнес-жобаны қорғаған немесе басқа бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік оқу курстарының сертификатын алған болуы тиіс. 

    Жалпы, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 6 млрд теңгеге 1 164 микро несие беріліп, оның 3,67 миллиарды 971 ауыл кәсіпкерінің қажетіне жараған. Сөй    тіп, олар 1 061 жұмыс орнын құрған. Осы жылға бөлінген қаражат мөлшері – 54,2 млрд теңге. Соның 43,3 миллиарды ауылдық, 10,9 миллиарды қалалық кәсіпкерлердің еншісіне тиуі керек. Егер осы жоспар жүзеге асса онда 13 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. 

    Ал қазіргі күнге дейін осы бағдарламаға 157,5 мың адам қатысыпты. Соның 110 мыңнан астамы жұмыссыздар екен. Жалпы: 
•    Субсидияланатын жұмыс орындарына 64,3 мың адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде: 
1.    Әлеуметтік жұмыс орындарына – 11,6 мың; 
2.    Жастар практикасына – 9,7 мың; 
3.    Қоғамдық жұмыстарға – 43 мың адам тартылған. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан су жаңа ақпараты бойынша, қысқа мерзімді оқыту курстарына 676 адам жіберілген. Жыл соңына дейін осы шарамен 18,8 мың адамды қамту жоспарланып отыр. 
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png