Ұлттық қордағы қаржы экономиканы қолдауға қажет болуы мүмкін

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Дәленов Ұлттық қордан аз-маз қаржы алу ықтималдығын жоққа шығармайды

Үкімет әзірге ұлттық қордағы қаржыға тиіспейді, дегенмен жағдай қатты ушығып бара жатса, осы нұсқа да қарастырылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. 

«Әзірге нақты шешім қабылданбағандықтан, ресми мәлімдеме жасай алмаймын. Біз дайындаған қазіргі жоспар Ұлттық қордан қаржы алуды қарастырмайды. Дегенмен, жағдай ең нашар сцераний бойынша дамыса, онда Ұлттық қордан аз-маз қаржы алу қарастырылған», – деді ол. 

Министр сонымен қатар, егер қордағы қаржыға иек артатын болса, қаражат қаншаға жететінін де айтып өтті. 

«Қазіргі кезде Ұлттық қорда жинақталған қаражат 27 трлн теңгеден асады. Тіпті жыл сайын одан 2,7 трлн теңге жұмсаған күннің өзінде, бұл өте үлкен сома», – деп айтып өтті министр. 
Сонымен қатар шенеунік биыл ЖІӨ-ге қарағанда 3 пайыз бюджет тапшылығы туындауы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. 

«Оны жоққа шығарып отырған жоқпын. Қазір біз Қаржы министрлігімен ақылдасып жатырмыз. 3 пайыз – бюжеттің шамасы келетін лимит. Қолда бар резевтің бірі – бюджет көлемін артттыру Бюджет осы көлемде толықтырылуы мүмкін», – деп атап өтті Дәленов. 

Сондай-ақ оқыңыз