Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Қазіргі кезде ол 12 пайызды құрайды

Фото: shutterstock.com

Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені және пайыздық дәлізді жылдық 12% + /- 1,5 п.т. деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды  мекеменің баспасөз қызметі. 

Сыртқы секторда қалыптасқан белгісіздік және COVID-19 коронавирусының, сауда соғыстарының таралуына, геосаяси шиеленістің өсуіне байланысты іске асырылған тәуекелдер жағдайында халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша әлемдік экономиканың айтарлықтай және ұзақ уақытқа баяулауы күтіледі. 2020 жылы әлемдік ІЖӨ-нің өсу қарқыны 2008 жылғы әлемдік дағдарыс уақытынан бастап нашар көрсеткішке алып келуі мүмкін, – делінген хабарламада. 


Сонымен қатар регулытор өткен аптаның басынан әлемдік тауар және қаржы нарықтары құбылып тұрғанын айтып өтті. Мұнай бағасының серпіні ОПЕК+ келісіміне қатысушылар арасындағы уағдаластықтың болмауына және Ресей мен Сауд Арабиясы арасында өріс алған баға соғысына байланысты оқиғалардың ықпалында болды. 2020 жылғы 9 наурыздан бастап Brent сұрыпты мұнайдың бағасы бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары деңгейінде бекітілді. 2020 жылғы 16 наурызда таңертең мұнайдың белгіленген бағасы бір баррель үшін 32,88 АҚШ долларын құрады. Инвесторлар арасындағы теріс күтулер нәтижесінде әлемдік қор нарықтарындағы индекстер соңғы 30 жылда ең көп төмендеуді көрсетті.


 2020 жылғы 10 наурызда базалық мөлшерлеменің 12%-ға дейін артуы нарықтарда үрейдің таралуына алдын ала әсер етті және нарық агенттерінің стратегиясына дер кезінде түзетулер енгізді, бұл пайда болған инфляциялық тәуекелдерді шектеуге және теңгедегі активтердің құнын қорғауға мүмкіндік берді. 


"Сонымен бірге, пайыздық дәлізді 1,5 п.т. дейін кеңейту банктердің Ұлттық Банктен теңгемен қарыз алу құнын 13,5%-ға дейін ұлғайта отырып, нарыққа қатысушылар тарапынан айырбастау бағамына алыпсатарлық қысым көрсету мүмкіндігін шектеуге бағытталды. Ақша нарығындағы мөлшерлемелер пайыздық мөлшерлемелердің жаңартылған дәлізінің жоғарғы шегіне жақындап, 13,48%-ға жетті. Ұлттық Банк банктерге көлемі шектеусіз өтімділік беру бойынша операцияларды күн сайынғы негізде жүргізеді", - делінген хабарламада. 


Сауданың сыртқы талаптарының күрт өзгеруі және шетел валютасы ұсынысының тапшылығы талаптарында валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық Банк жекелеген кезеңдерде жалғыз сатушы бола отырып, валюталық өктемдіктер жүргізді. Атап айтқанда, 2020 жылғы 10 наурызда бағамның негізсіз құбылмалылығын болдырмау үшін валюталық сауда-саттықта франкфурттық аукцион әдісі іске қосылды. Ұлттық Банк квазимемлекеттік сектордың, екінші деңгейдегі банктердің және айырбастау пункттерінің валюталық операцияларын үйлестірді және мониторинг жүргізді. Бұл өзгерген сыртқы жағдайлардың теңгенің айырбастау бағамына теріс әсерін төмендетуге мүмкіндік берді, ол 2020 жылғы 6 – 13 наурыз аралығында бір АҚШ доллары үшін 405,62 теңгеге дейін 6,1%-ға төмендеді.

Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2020 жылғы 27 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады

banner_wsj.gif

Коронавируспен күреске қанша қаржы бөлінді?

ДСМ мәліметі бойынша, бөлінген қаржының жалпы сомасы 114 млрд теңгені құрайды

Фото: Курсив

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусқа күреске бөлінген қаражат туралы айтып берді. Ведомство басшысының айтуынша, ауруға қарсы тұруға бөлінген қаржының жалпы сомасы 114 млрд 826 млн теңгені құраған.

«Бұл қаржының 40 млрд 58 миллионы Үкімет қорынан бөлінді. Жеке қорғаныш құралдарын сатып алуға  – 21 млрд 184 млн теңге, дәрі - дәрмек, медициналық бұйымдар сатып алуға – 2 млрд 30 млн теңге, зертханалық жабдықтар мен коронавирусты анықтауға арналған жүйелерді сатып алуға 2,5 млрд теңге қарастырылған», – деді министр  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, коронавирусты анықтауға қажетті реагенттерді әзірлеу және шығару қызметін сатып алуға –  100 млн теңге, ПТР әдісімен зертханалық зерттеулерге –13,7 млрд теңге, жедел медициналық көмек автомобильдерін жабдықтауға қажетті өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға 310 млн теңге кеткен.

Бұл ретте Алексей Цой Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға 131 млн теңге жұмсалғанын мәлімдеді.

"Республикалық бюджеттен 74 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде 19,5 млрд теңге – инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарлардағы медициналық қызметтерге, 40,4 млрд теңге –карантин шараларына тартылған қызметкерлерді ынталандыруға, 14,8 млрд. теңгесі – Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында жедел салынатын үш инфекциялық ауруха салуға жұмсалды",–  деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, наурыз айында АҚШ үкіметі коронавирус инфекциясымен күрес әлеуетін күшейту үшін Қазақстанға $ 890 мың бөлуге дайын екендігі хабарланған. Бұл жөнінде олар Қазақстанда алғашқы вирус жұқтырғандар анықталғанға дейін мәлімдеген болатын. Кейінірек CDC агенттігі (АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) осы мақсатқа 1,68 млн доллар бөлінгенін хабарлады.

Мамыр айында АҚШ коронавируспен күреске Қазақстанға қосымша 1,5 млн доллар бөлетінің мәлімдеп, нәтижесінде көмектің жалпы сомасы 3,11 млн долларға жетті.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер