Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12 пайызға дейін көтерді

Жарияланды
Регулятор валюталық интервенция жасауға дайын

Ұлттық Банк 10 наурыздан бастап, базалық мөлшерлемені 12 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп мәлімдеді бүгін үкімет отырысында Ерболат Досаев. 

«Сектор тарапынан тәуекелдерге теріс ықпал ету аясында баға тұрақтылығын және теңгенің айырбастау курсын қолдау қажет. Сондықтан Ұлттық банк өз мандатын пайдаланып, базалық мөлшерлемені плюс-минус 1,5 процент пунктімен 12 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады»,– деді Ерболат Досаев. 

Бас банкирдің айтуынша, инфляциялық таргеттеу шеңберінде жүргізілетін ақша-кредит саясаты ел экономикасына сыртқы күтпеген өзгерістер салдарының таралуын алдын алуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және теңгедегі активтерді қорғауға бағытталды

«Ұлттық Банк ұлттық валютаның еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстануды сақтайды. Қажет болған кезде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін валюталық өктемдіктер жүргізеді»,– деді Досаев. 

Базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім әлемдік экономикадағы ахуалдың күрт өзгеруіне байланысы қабылданған.

COVID-19 короновирусының таралу ауқымының айтарлықтай кеңеюі қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушылары  – Қытай және Еуропалық одақ сияқты елдердің экономикалық даму перспективаларының нашарлататын ненізгі факторға айналады. Brent  мұнайының бағасы 2020 жылғы 9 наурызда ОПЕК+ отырысына қатысушылардың мұнай өндіруді қысқарту бойынша уағдаластыққа келе алмауының нәтижесінде күрт төмендеді. Оның белгіленген бағасы бір күнде 30%-ға төмендеп, бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ долларын құрады,

Сондай-ақ оқыңыз