Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12 пайызға дейін көтерді

Регулятор валюталық интервенция жасауға дайын

Фото: Олег Спивак

Ұлттық Банк 10 наурыздан бастап, базалық мөлшерлемені 12 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп мәлімдеді бүгін үкімет отырысында Ерболат Досаев. 

"Сектор тарапынан тәуекелдерге теріс ықпал ету аясында баға тұрақтылығын және теңгенің айырбастау курсын қолдау қажет. Сондықтан Ұлттық банк өз мандатын пайдаланып, базалық мөлшерлемені плюс-минус 1,5 процент пунктімен 12 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады",– деді Ерболат Досаев. 

Бас банкирдің айтуынша, инфляциялық таргеттеу шеңберінде жүргізілетін ақша-кредит саясаты ел экономикасына сыртқы күтпеген өзгерістер салдарының таралуын алдын алуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және теңгедегі активтерді қорғауға бағытталды

"Ұлттық Банк ұлттық валютаның еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстануды сақтайды. Қажет болған кезде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін валюталық өктемдіктер жүргізеді",– деді Досаев. 

Базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім әлемдік экономикадағы ахуалдың күрт өзгеруіне байланысы қабылданған.

COVID-19 короновирусының таралу ауқымының айтарлықтай кеңеюі қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушылары  – Қытай және Еуропалық одақ сияқты елдердің экономикалық даму перспективаларының нашарлататын ненізгі факторға айналады. Brent  мұнайының бағасы 2020 жылғы 9 наурызда ОПЕК+ отырысына қатысушылардың мұнай өндіруді қысқарту бойынша уағдаластыққа келе алмауының нәтижесінде күрт төмендеді. Оның белгіленген бағасы бір күнде 30%-ға төмендеп, бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ долларын құрады,

banner_wsj.gif

Карантин кезінде қаржы ұйымдары қалай жұмыс істейді?

KASE мен Бағалы қағаздардың орталық депозитариінің жұмыс уақыты да шектеледі

Фото: Shutterstock.com

Екі апталық қатаң карантин кезінде қаржы ұйымдары 10.00-17.00 аралығында жұмыс істейді. Бұл туралы Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығында айтылады. 

Бұған дейін жариланған карантин кезінде банк пен өзге де қаржы ұйымдары бір айдан аса уақытқа толық жабылған еді. Бүкіл операциялар тек онлайн жүргізілген болатын. 

Ресми сайтта жарияланған бұйрық бойынша, бұл жолы қаржы ұйымдары қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан қызмет етуге көшіріп, банкоматтар мен терминалдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Көтпеген қаржылық қызметті онлайн көрсетуді барынша қолға алуы керек.

Бұл талаптар екінші деңгейлі банктер ғана емес: 
1) айырбастау пункттері;
2) сақтандыру компаниялары;
3) брокерлік компаниялар;
4) микроқаржы ұйымдары, несие серіктестіктері, ломбардтар;
5) төлем ұйымдары;
6) коллекторлық агенттіктерге де қойылады. 

Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі карантин кезінде таңғы 9.00-ден  кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бұл ретте, Ұлттық Банк 7-17 шілде аралығында KASE-дегі тұрақты  операцияларды, соның ішінде валюталық своп және РЕПО операцияларын, депозит тарту және шетел валютасымен қолма-қол операцияларды 15:00-ге дейін жүргізеді.

Ашық нарықтың операциялары, соның ішінде қысқа мерзімді ноталарды орналастыру бойынша аукцион мен депозиттік аукцион әдеттегідей жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, коронавирус Қазақстанда 13 наурызда анықталды. Мемлекет басшысының жарлығы бойынша, елде 16 наурыздан бастап Төтенше жағдай режимі енгізілді. 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. Кейінірек Президент төтенше жағдай режимін екі рет: 14-і және 27 сәуірде ұзартқан.

Президент 11 мамырда үндеу жариялап, елдің барлық аумағында төтенше жағдай режимінің тоқтағанын мәлімдеді. Алайда бірқатар өңірлерде вирус жұқтыру қаупі сейілмей тұр. Кейінірек Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге жаңа шектеу шаралары енгізілді.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg