1 view

Теңге тағы құнсызданды

Айырбастау пункттерінде доллар таңертең 440 теңгеден сатылып, қазір доллар сатуын тоқтатқан

Бүгін айырбастау пункттері доллар бағамын тағы да көретіп жіберді. Kurs.kz сайтындағы дерек бойынша,  таңертеңгісін долларды 438-440 теңгеге сатып алып, 415-430 теңгеге сатуға болатын.

Қазір көптеген айырбастау пункттері доллар сатуды тоқтатты. 

Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар/теңге жұбы бойынша сауда-саттық өткенімен, көкқағаз сатып алғысы келгендердің қарасы көп болмады. FINANCE.KZ телеграм-каналының жазуынша, KASE-де бүгін жалпы саны 9 сауда-саттық келісімі жасалып, 1 долар 431 теңгеден басталып, 438 теңгеге сатылған. Сауда-саттық келісімдерінің жалпы құны 3 млн долларды құраған. 

Түстен кейін сессия қорытындысы бойынша ұлттық валюта 29,13 теңгеге, яғни 6 пайызға құнсызданғаны белгілі болды.

Теңгенің долларға қатысты орташа бағамды курсы 435, 59-ды құрады. 

Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша, айырбастау пункттерінде долларды 434 теңгеге сатып, 437 теңгеге сатып алуға болады. Ал еуроның бағамы 495 теңгеге жетті. 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер