Көптеген ақша айырбастау орындары доллар сатуды тоқтатты

Жарияланды
Ақша айырбастау орындары АҚШ валюталардың бағасын біршама төмендетті

Ақша айырбастау орындарының жартысынан көбі бағалардың күрт өсуінен кейін доллар сатуды тоқтатты.

Доллар сағат 10:35-те рекордтық  көрсеткішпен 395,4 – 399 теңге аралығында саудаланды. Сағат 16:25-те ақша айырбастау орындарының бағаны біршама түзеді, енді америкалық валютаны 394 – 394,5 теңге аралығында сатып алуға болады.

Еуро биржада өсуді жалғастыруда. Бұл валюта қазірдің өзінде 452 теңгеден 455 теңгеге дейін шарықтады.

Еске салайық, доллар 9 наурыздан бастап күрт өсе бастады. Қазақстан қор биржасында мұндай бағамен сауда-саттық әлі өткізілген жоқ. 
 

Сондай-ақ оқыңыз