1 view

Көптеген ақша айырбастау орындары доллар сатуды тоқтатты

Ақша айырбастау орындары АҚШ валюталардың бағасын біршама төмендетті

Фото: Shutterstock

Ақша айырбастау орындарының жартысынан көбі бағалардың күрт өсуінен кейін доллар сатуды тоқтатты.

Доллар сағат 10:35-те рекордтық  көрсеткішпен 395,4 - 399 теңге аралығында саудаланды. Сағат 16:25-те ақша айырбастау орындарының бағаны біршама түзеді, енді америкалық валютаны 394 - 394,5 теңге аралығында сатып алуға болады.

Еуро биржада өсуді жалғастыруда. Бұл валюта қазірдің өзінде 452 теңгеден 455 теңгеге дейін шарықтады.

Еске салайық, доллар 9 наурыздан бастап күрт өсе бастады. Қазақстан қор биржасында мұндай бағамен сауда-саттық әлі өткізілген жоқ. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер