Қазақстандықтар депозиттерін қай валютада сақтайды?

Жарияланды
Банк ұсынатын пайыздық мөлшерлеме қандай

Халықтың екінші деңгейлі банктерде жинаған қаржысында доллардың үлесі төмендеп келеді. Қазіргі кезде жалпы жинақтағы шетел валютасының үлесі 42,1 пайызды құрап тұр.  

Жыл басынан теңге және шетел валютасында салынған депозиттер бойынша мөлшерлеменің жан-жақты серпіні байқалады, делінген Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сайтында жарияланған талдауда. 

ҚР  Ұлттық банкінің соңғы деректері бойынша, жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша орташа өлшемді мөлшерлеме жылдық 8,8%-дан 9,2%-ға дейін өсіп, ал шетел валютасында керісінше, жылдық 1,4%-дан 1,3%-ға дейін төмендеген. 

Сонымен қатар, базалық мөлшерлеменің және ҚДКҚ-ның соңғы шешімдерінің сақталуы аясында ақпан айында банктердің теңгелік, сондай-ақ долларлық депозиттер бойынша баға ұсыныстары іс жүзінде өзгерген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 03 ақпанда ҚР ҰБ 2020 жылы базалық мөлшерлеме бойынша алғашқы шешім қабылдап, оны жылдық 9,25% деңгейінде белгілеген. 

 Өз кезегінде ҚДКҚ 12 ай мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді толықтыру құқығымен – жылдық 11,1%-дан 10,7%-ға, толықтырусыз – жылдық 11,6%-дан 11,2%-ға дейін төмендетті. 

Осылайша, ұлттық валютада орналастыру мерзімі 12 айлық депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме бүгінгі күні – 9,8%, толықтырылатын жедел депозиттер бойынша –10,7%, толықтырусыз – 11,2%, толықтырумен жинақ бойынша–13,0% толықтырусыз — 14,1% құрайды. 

Рисунок1.png

Сондай-ақ, ақпан айының қорытындысы бойынша елдегі инфляция жылдық 6%-ға дейін төмендеп, ҚР ҰБ нысаналы дәлізінің жоғарғы шекарасына 4-6%-ға жақындады. Тауарлар мен қызмет  бағасының өсуінің тездеуі жақын болашақта Ұлттық банктің ықтимал контрмерлері үшін біршама негіз болады. 

Ал жеке тұлғаларға теңгемен берілген несие бойынша банктердің орташа сыйақы мөлшерлемесі қаңтарда жылдық 16,8%-дан 19,0%-ға дейін өскен. Бұл кезеңде жылдық инфляция 0,2%-ға артып, 5,6%-ға дейін өсті, ал ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі өзгерген жоқ. 

Сондай-ақ оқыңыз