Skip to main content

Қазақстандықтар депозиттерін қай валютада сақтайды?

Банк ұсынатын пайыздық мөлшерлеме қандай

Фото: Shutterstock

Халықтың екінші деңгейлі банктерде жинаған қаржысында доллардың үлесі төмендеп келеді. Қазіргі кезде жалпы жинақтағы шетел валютасының үлесі 42,1 пайызды құрап тұр.  

Жыл басынан теңге және шетел валютасында салынған депозиттер бойынша мөлшерлеменің жан-жақты серпіні байқалады, делінген Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сайтында жарияланған талдауда. 

ҚР  Ұлттық банкінің соңғы деректері бойынша, жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша орташа өлшемді мөлшерлеме жылдық 8,8%-дан 9,2%-ға дейін өсіп, ал шетел валютасында керісінше, жылдық 1,4%-дан 1,3%-ға дейін төмендеген. 

Сонымен қатар, базалық мөлшерлеменің және ҚДКҚ-ның соңғы шешімдерінің сақталуы аясында ақпан айында банктердің теңгелік, сондай-ақ долларлық депозиттер бойынша баға ұсыныстары іс жүзінде өзгерген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 03 ақпанда ҚР ҰБ 2020 жылы базалық мөлшерлеме бойынша алғашқы шешім қабылдап, оны жылдық 9,25% деңгейінде белгілеген. 

 Өз кезегінде ҚДКҚ 12 ай мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді толықтыру құқығымен – жылдық 11,1%-дан 10,7%-ға, толықтырусыз – жылдық 11,6%-дан 11,2%-ға дейін төмендетті. 

Осылайша, ұлттық валютада орналастыру мерзімі 12 айлық депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме бүгінгі күні – 9,8%, толықтырылатын жедел депозиттер бойынша –10,7%, толықтырусыз – 11,2%, толықтырумен жинақ бойынша–13,0% толықтырусыз — 14,1% құрайды. 

Рисунок1.png

Сондай-ақ, ақпан айының қорытындысы бойынша елдегі инфляция жылдық 6%-ға дейін төмендеп, ҚР ҰБ нысаналы дәлізінің жоғарғы шекарасына 4-6%-ға жақындады. Тауарлар мен қызмет  бағасының өсуінің тездеуі жақын болашақта Ұлттық банктің ықтимал контрмерлері үшін біршама негіз болады. 

Ал жеке тұлғаларға теңгемен берілген несие бойынша банктердің орташа сыйақы мөлшерлемесі қаңтарда жылдық 16,8%-дан 19,0%-ға дейін өскен. Бұл кезеңде жылдық инфляция 0,2%-ға артып, 5,6%-ға дейін өсті, ал ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі өзгерген жоқ. 

banner_wsj.gif

Ұлттық қордан тағы да миллиардтаған қаржы алынады

Кепілдендірілген трансферт көлемін арттыру ұсынылды

Фото: Асқар Ахметуллин

2020 жылы Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансфертті 2 070 млрд. теңгеге, яғни  4 770 млрд. теңгеге дейін  арттыру ұсынылып отыр. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Руслан Дәленов хабарлады. 

ҰЭМ басшысы 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджет параметрлері болжамын нақтылады. Бұл ретте министр айтуынша, болжамды нақтылаудағы негізгі фактор – тұрақсыз сыртқы экономикалық жағдай,  жаһандық рецессия және коронавирустың таралмауы бойынша қорғану шаралары аясында іскерлік белсенділіктің баяулауы.

Нақты айтсақ, республикалық бюджет кірісі трансферттерді есепке алмағанда, 2020 жылы 6 414,1 млрд теңге көлемінде бағаланған, бұл бекітілген жоспармен салыстырғанда, 1 672,3 млрд теңгеге аз. Қосымша құн салығы, шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы және табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер айталықтай азаяды. 

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету секторы, соның ішінде сауда-саттық бағытында бұған дейін мақұлданған өсу қарқынымен салыстырғанда, өсім көрсеткіші төмендейді. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін  қабылданған салықтық ынталандыру мен жеңілдіктер бойынша барлық шаралар бюджеттің кіріс бөлігінде ескерілген. Ірі сауда объектілері, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, хостел және туристік қызмет объектілерін жылдың соңына дейін мүлік салығынан босату орнатылды.Салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейінгі мерзімде жеке табыс салығынан босатылды.

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бойынша жер салығын жылдың соңына дейін төлемейді. Сондай-ақ, биологиялық активтерінің импорты жылдың соңына дейін қосылған құн салығынан босатылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі ағымдағы жылғы 30 наурыздан 1 қазанға дейінгі кезеңге 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.Шағын және орта бизнесті еңбекақы төлеу қорынан алынатын салық және әлеуметтік төлемдерден (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар) 6 айға ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін босату қарастырылған.

Бұл шара туристік қызмет, қоғамдық тамақтану, қонақ үй бизнесі салаларын, ірі сауда объектілерін, сауда ойын-сауық  орталықтарын, кинозалдар, театрларды, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, көлік қызметтерін, консультациялық қызметтер мен ақпараттық технологияларды, тамақ өнімдерін өткізу мен дәріханаларды қоспағанда сауда субъектілерін қамтиды.

"Салықтық әкімшілендіру бөлігінде 2020 жылдың  1 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді және әлеуметтік жарналарды (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қызметкер үшін әлеуметтік және медициналық сақтандыру) төлеуді кейінге қалдыру енгізілді", -деді министр.

Бұдан басқа, төтенше жағдай кезеңінде салықтық  тексерулер мен салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіру тоқтатылды.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген барлық шаралар 700 мың салық төлеушіні қамтиды.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif