1 view

Қазақстанда халықаралық ақша аудару жүйелерінің қайсысы танымал?

Олардың айырмашылығы неде

Фото: Олег Спивак

Қазақстандықтар ел ішінде ақша аудару үшін интернет-банкинг немесе банктің мобильді қосымшасын пайдаланғанды жөн көреді. Ал шетелге ақша аудару бағытында жағдай басқаша қалыптасқан: бұнда халықаралық ақша аудару жүйелері басымдыққа ие. Ұлттық банктің дерегіне жүгінсек, Қазақстаннан аударылған ақшаның 91,1 пайызы халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жүзеге асырылған.

Осы айдың ішінде халықралық ақша аудару жүйесі арқылы жалпы сомасы 84 млр теңге қаржы аударылған. Жергілікті банктер мен «Қазпочта» Contact, MoneyGram  және «Алтын тәж», «Вестерн Юнион», «Юнистрим» жүйелері ақша аудару қызметін ұсынады. 

Қазақстаннан аударылған ақша

Ұлттық Банктің ақпараты бойынша, 2019 жылдың желтоқсанында жедел ақша аудару жүйелері арқылы жалпы құны 56,5 млрд теңгеге 219 мың операция жасалған. Соның ішінде ақшаның басым бөлігі Ресей (18,9 млрд теңге), Өзбекстан (8,8 млрд теңге), Түркия (8,5 млрд теңге), Қырғызстан (8,3 млрд теңге) және Қытайға (3,5 млрд теңге) аударылған. Халықаралық ақша аудар жүйелері арасында «Алтын тәж», «Вестерн Юнион», «Юнистрим» және Contact көш басында келеді.  Валюта бөлінісінде доллар басым болса, аударымның 24,4 пайызы –  рубльмен, ал теңгелей аударылған ақша 8 пайызды құрайды. 

Қазақстанға аударылған ақша

Есептік айда Қазақстанға шетелден халықаралық аудару жүйелері арқылы 27,5 млрд теңге аударылған. Қаржының басым бөлігі – долларда, 18,5 пайызы – рубльмен аударылған. Көбіне «Алтын тәж», «Вестерн Юнион», MoneyGram  және Contact аудару жүйелері қолданылған. Қазақстанға негізінен Ресей, Корея, Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ-тан ақша аударылады. 

«Алтын тәж» 

Жүйенің жеке сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, әлемнің 34 мемлекетінде 50 мыңнан аса қызмет көрсету нүктесі бар. Қаржыны қолма-қол немесе онлайн жіберуге болады. Алушыға ақша операция жасалғаннан соң бірнеше минуттан кейін түседі. Шағын сомаға комиссия алынбайды. Валюта бағамын жүйенің өзі анықтайды.

«Вестерн Юнион»

Американың Western Union компаниясы ақша аудару нарығында 1851 жылдан бері жұмыс істейді. Әлемнің 200 елінде 463 мыңнан аса қызмет көрсету пункті бар. Бұл жүйенің аударымдары операция мәртебесін жылдам тексеруге мүмкіндік беретін бақылау нөмірімен жабдықталған. Ақшаны жібергеннен кейін бірнеше минуттан кейін алуға болады. Валюта бағамы нақты қызмет көрсетушіге, оның орналасқан жеріне байланысты.

«Юнистрим»

Компания дерегіне сүйенсек, оның әлем бойынша 600-ден аса серіктесі бар. Өзге ақша аудару жүйелері секілді, бұнда да ақша жіберуші мен аударымды алатын адамның есепшот ашуы талап етілмейді. 

Contact 

Ресейдің алғашқы халықаралық аударым жүйесі. 1999 жылы ашылған, қазір QIWI тобының құрамында. 170-тен аса мемлекетте 400 бөлімшесі бар.

переводы-kaz-01.png

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер