Доллар бағасы 402 теңгеге шарықтады

Жарияланды
Ал еуро болса 455 теңгеге жетті

Қазақстандық ақша айырбастау пункттері АҚШ валютасын шарықтатып жіберді.

Бүгін доллар 398,5 теңгеден сатып алынып, 402 теңгеден сатылып жатыр. Еуро болса, 453-455 теңге аралығында саудалануда.

 
 Ал, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижесінде орташа бағамды курс 1 доллар үшін 398,6 теңгені құрап, ұлттық валюта 4 теңгеге әлсіреді. 

Естеріңізге сала кетейік, Brent маркалы мұнай бағасы ОПЕК+ кездесуінен кейін-ақ төмен құлдырап кеткен еді. Тараптар өзара келісе алмағандықтан, мұнай бағасы 31-36,5 доллардан аспай қалды. Бұл құлдырау әлемдік валюта бағамына қатты әсер етіп жатыр.  
 

Сондай-ақ оқыңыз