Инвестор болғысы келетіндер «Қандай компанияның акциясын алған дұрыс?», «Көрсеткіштер нені білдіреді» деген сауалды жиі қояды. Қазақстан қор нарығында қазір жағдай қалай? Былтырғы көрсеткіштер мен биылға болжам қандай? Kursiv Media тілшісі Freedom Finance Global сарапшысы Данияр Оразбаевпен бірлесе отырып, елдегі ең үздік бес компаниядан тұратын топтама дайындады.
Air Astana
Бұл — Қазақстандағы ең ірі әуекомпания. Нарықтың ауқымды бөлігін алады. Ішкі рейстер бойынша шамамен 2/3 бөлігін алса, еліміздегі халықаралық әуе бағыттарының 40-45 %-ын Air Astana орындайды. Жалпы алғанда компания операциялық та, қаржылық та көрсеткіштер бойынша қарқынды көтеріліп келеді. Оған 2019-2023 жылдардағы көрсеткіш дәлел бола алады. Пандемияға қарамастан, 2020 жылдан кейін...