Ақмола облысында кадастрлық құны 42,5 млн теңге болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.
Ақмола облысы, Сандықтау ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдары жер заңнамасын қаншалық сақтағанына талдау жүргізді.
Нәтижесінде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2016 жылғы 6 мамырдағы мораторий енгізу туралы жарлығы бұзылғаны белгілі болды. Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру шарттарында уақытша жер пайдалану құқығын беру фактілері анықталды.
«Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша сот шешімімен мемлекеттік қорға кадастрлық құны 42,5 млн теңге болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы шетелдік тұлғаға заңсыз берілген 1,4 мың гектар жер қайтарылды», – делінген прокуратура хабарламасында...