Алматы қаласының Экология департаменті 1,8 млрд теңге инвестиция салынған инновациялық органикалық қоспаларды өндіру жобасына лицензия беру ұзақ уақытқа созған.
«Алматы қаласында «Black Biotechnology» ЖШС «AL KARAL» брендімен мал шаруашылығына арналған инновациялық органикалық жем-шөп қоспаларын және өсімдік шаруашылығына арналған тыңайтқыштарды өндірумен айналысады. Бұл жобаны іске асыруға инвестор 1,8 млрд теңге салынған», – дейді Алматы қаласының прокуратурасы.
Алайда инвестордың Алматы қаласы бойынша Экология департаментіне бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, инвестор белгіленген қызмет бойынша қорытындыны уақтылы ала алмаған.
Экология департаментінің лицензияның кешіктіруі салдарынан 130 адамды жұмыспен қамту кейінге қалдырылып келген.
Прокуратура ұйымдастырған инвестор мен Департамент өкілдерінің қатысуымен өткен кеңестен кейін...