Британдық Сar Рark Transformer компаниясы Қазақстанда республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардың бойында 250 қызмет көрсету станциясын салады. Олар санитарлық аймақтарымен, сауда орындарымен, сондай-ақ, электромобильдерді зарядтау пункттерімен жабдықталады.
Kazakh Invest ақпаратына сүйенсек, Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапары аясында британдық компания мен Қазақстан Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті арасында тиісті меморандумға қол қойылған.
Car Park Тransformer веб-сайтында компания автомобильдерге арналған күн жайлары мен электр машиналарын зарядтау нарығында көшбасшы екені жазылған. Ол автотұрақтарды таза энергиямен жұмыс істейтін электр станцияларына айналдырады және олардың аумағында көп функционалды сауда орталықтарын ашады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі электр көліктерді қуаттандыруға арналған станциялардың жаңа...