Биыл Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау соғылмайды. Оның орнына барлық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Ведомство жарияланған мәліметке сүйенсек, 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы – мектеп түлектері. Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады.
«Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтықтан ұйымдастырылған балалар үшін...