ЕуроОдақ мұнай бағасының шекті деңгейін бұзғаны және Солтүсік Кореядан техника тасымалдағаны үшін Ресейге қарсы сакциялар пакетіне жаңа шаралар енгізбек. Бұл туралы Reuters агеттігі Еуропалық Одақтағы дереккөзге сілтеме жасай отырып жазады.
Еурокомиссия Мәскеуге қарсы санкциялардың 14-пакетінің бір бөлігі ретінде Солтүстік Кореяның әскери техникасын Ресейге тасымалдайтын кемелерге, сондай-ақ G7 елдерінен келетін мұнай бағасының шекті деңгейін бұзған танкерлерге қарсы шара енгізуді ұсынады.
Сонымен қатар, ЕуроОдақ санкциялық тізіміне 40 компания кір мүмкін: қарулы күштерге құрал-жабдық сатып алатын ресейлік компаниялар, сондай-ақ, Ресейге еуропалық және америкалық электроника, жартылай өткізгіштер мен чип жеткізетін үшінші елдердің компаниялары. Шетелдік компаниялар Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызста, Түркия мен Қытайда...