Ресей 2062 жылға дейін «Байқоңырдан» «Союз» зымырандарын ұшырады

Жарияланды (жаңартылды )
Алғашқы зымыран 2023 жылы ұшырылады деп жоспарланған

Ресей «Союз-5» және «Союз-6» орта дәрежелі зымыран тасығыштарын «Бәйтерек» зымыран кешенінен 2062 жылға дейін ұшырмақшы, деп хабарлайды «РИА Новости» агенттігі. 

Ресей «Байқоңырды» 2050 жылға дейін жалға алған. Алайда бұған дейін «Бәйтерек» келер жылы толығымен Қазақстанға өтуі мүмкін екені хабарланған еді. «Бәйтерек» ғарыш-зымыраны кешенін пайдалану кезеңі – 2022-2062 жыл. «Союз-5» зымыраны осы кешеннен 2023 жылдан, ал «Союз-6» зымыраны 2025 жылдан бастап ұшырыла бастайды. Айта кету керек,  зымыран ұшыру мерзімі бұған дейін бірнеше рет ауыстырылған.

«Союз-5» зымыраны геосаяси себептерге байланысты, Украина мен Ресейдің «Зенит» зымыранын алмастыру үшін жасалған.

Сондай-ақ оқыңыз