Алматының Алмалы аудандық соты «қаңтар» оқиғасы кезінде азаптау әдісін қолданған үш полиция қызметкеріне үкім шығарды.
Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді. Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді.
«Олар заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушіге тән азабын келтірген», – делінген хабарламада.
Сот үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Талдықорған қаласының соты Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау фактілерін қолданған бұрынғы полиция...