Экзит-полл Лукашенконың көз бояушылықпен жеңіске жеткенін мойындады

Олардың мәліметінше, Беларусьтің қазіргі президенті бар-жоғы 10% дауыс жинаған

Sergej Gapon/AFP

Беларусьтің қазіргі басшысы Александр Лукашенко президент сайлауындағы сайлау учаскелерінде 10%  дауыс иеленген. Мұндай мәліметтерді тәуелсіз «Голос» жобасы ұсынды. Жобаның хабарлауынша, Лукашенконың басты қарсыласы Светлана Тихановская 80% дауыс жинаған.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Светлана Тихановская шетелдегі 19 сайлау учаскесінде 81,57% дауыс жинаса, ал мемлекет басшысы 5,89% дауыс иеленген.

Ұлттық экзит-полл Беларусьтегі сайлау учаскелерінде Лукашенконың жеңгенін хабарлады. Олардың хабарлауынша, мемлекет басшысы 79,7% дауыс жинады. Екінші орынды 6,8 пайызбен Тихановская тұр. Қалған дауыстар келесідей бөлінді: Анна Канопацкая - 2,3%; Андрей Дмитриев - 1,1%; Сергей Черечень - 0,9%. Барлығы 9,2% қарсы дауыс берген. Жалпы 12,340 адамнан жауап алынды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif