Қытай коронавирустың таралуына АҚШ әскерлерін кінәлайды

Жарияланды
ҚХР Сыртқы істер министрлігі  бұл мәліметті халыққа жариялауды талап етті

Сыртқы істер министірлігінің өкілі Чжао Лицянның айтуынша, АҚШ әскерінің Қытайда коронавирустың таралуына қатысы болуы мүмкін екендігін мәлімдеді.

«АҚШ-та бірінші науқас қашан пайда болды?  Қанша адам жұқтырған? Қай ауруханалар? Бұл індетті Уханға әкелген АҚШ әскери күштері болуы мүмкін. Шындықты айтыңыздар! Деректеріңізбен бөлісіңіз! АҚШ түсіндіруі керек! »,-деп жазды Лижиан Twitter парақшасында.

Коронавирус Уханда 2019 жылдың желтоқсан айында тараған. ДДСҰ мәліметтері бойынша 118 мыңнан астам адам жұқтырған, шамамен  қайтыс болғандар саны 4,3 мыңға жетті.
 

Сондай-ақ оқыңыз