1 view

Трамп Иран халқын өлтірмеуді талап етті

Тегеранда полиция нарядтары күшейтілген

Фото: Joseph Sohm/Shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранда наразылық акцияларына шыққандарға қолдау білдірді.

«Өздеріңіздің ұлы Иран халқын өлтіруді доғарыңыздар», - деп жажды Трамп Twitter-де.

Сонымен қатар Ақ Үй басшысы «интернетті қайтаруды» және журналистерге ел ішінде еркін жүруге рұқсат беруді талап етті.

«Әлем мұның бәрін бақылап отыр. Одан да маңыздысы — АҚШ қадағалап отыр», — деп қосты сөзін нақтылаған ол.

Бұған қосарымыз, Иран билігі украиналық Boeing ұшағының апаты үшін жауапкершілікті өз мойнына алған соң, Иранда наразылық акциялары басталды Тегеран көшелеріне қауіпсіздік қызметтерінің қосымша күштері шығарылған. 

Ел астанасының халық көп шоғырланған аудандарында оқатар қарумен және арнайы шоқпарлармен қаруланған, шлем мен бронежилет киген адамдар қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті бақылап жүр.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер