1 view

Ресей премьері лауазымына үміткер пайда болды

Ол Федералдық салық қызметінің қазіргі басшысы

Фото: Uznayvse.ru

Владимир Путин Федералдық салық қызметінің басшысы Михаил Мишустинмен жұмыс кездесуін өткізіп, оған үкіметке басшылық жасауды ұсынды, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған РИА Новости.

«Келісімін алған ол (Путин. — Ред. ескерт.) Мишустиннің кандидатурасын Госдуманың қарауына енгізді», — деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Парламенттің төменгі палатасы бұл мәселені 16-қаңтардағы пленарлық отырыста қарастырады.

Естерңізге салсақ, сәрсенбі, 15-қаңтарда Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев ел президенті Владимир Путинмен кездесу барысында үкіметтің толық құрамда отставкаға кететіні туралы мәлімдеген болатын.

Путин үкімет мүшелеріне атқарған жүмыс үшін алғыс білдірді. Сөзінің соңында президент: «әрине, бәрі орындалған жоқ», - дегенді қосты.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер