Кори Букер АҚШ-тағы президент сайлауынан шығып қалды

Жарияланды
Трамп бұл жаңалыққа жауап беріп үлгерді

Дүйсенбіде АҚШ-тың Демократиялық партиясы атынан сенатор Кори Букер 2020 жылғы сайлау кампаниясындағы президент лауазымы үшін күресті одан ары қарай жалғастыруға ниетті емес екенін мәлімдеді, деп жазды Интерфакс-Казахстан.

«Мен бұл күресті жалғастырамын. Тек биыл оны президенттікке үміткер ретінде жүзеге асырмаймын… Мен өзімнің сайлау кампаниямды тоқтату туралы шешім қабылдадым», – деген Брук мәлімдемесінің үзіндесін АҚШ-тың БАҚ-тары жарыса жариялауда.

Ол мұның «күрделі шешім» болғанын атап өтті, бірақ «жеңіске мүмкіндік жоқ» болған жағдайда ол президент лауазымы үшін күресті жалғастыра алмайтынын айтты. Атап айтқанда, Букер кампанияны қаржыландыруға қажетті қаржының жетіспейтінін хабарлады.

Американдық БАҚ-тар сенатор мұндай шешімді Айовада сейсенбіге белгіленген демократтар дебатының кезекті сессиясына қатысуға қажетті қолдауға ие бола алмағандықтан қабылдағанына меңзеуде.  

АҚШ президенті Дональд Трамп Букердің шешімі туралы жаңалыққа кекеткен пікір білдірді.

«Шын мәнінде, өте жедел жаңалықтар (әзіл ғой): сауалнамаларда 0% алып жүрген Букер жаңа ғана Демократиялық партия өкілдерінің бастапқы сайлауы шеңберіндегі күрестен шықты. Енді маған абыржымай, демала беруге болады. Өйткені мен бірде біз бетпе бет күресеміз бе, деп беймаза болған едім», – деп жазды американдық көшбасшы Twitter-де.

АҚШ-тағы келесі президент сайлауы 2020 жылғы қарашада өтеді. Трамп бірнеше рет өзінің екінші мерзімге қайта сайлана алатынына сенімді екенін білдірген болатын. 

 

Сондай-ақ оқыңыз