Ирандық БАҚ АҚШ армиясына қарсы жердегі операцияның басталғанын жариялады

Оған Ирактағы шиит милициясының бөлімшелері қатысуда

Фото:REUTERS/Goran Tomasevic

Ирактағы американдық әскерилерге қарсы үлкен операцияға Хашд аш-Шааби ретіндегі белгілі Ирактағы «Ұлттық жұмылдыру күштерінің» (ҰЖК) бөлімшелері де кірісті, деп хабарлайды Ирактың Press TV тере арнасына сілтеме жасаған Интерфакс-Казахстан.

 Атап айтарлығы, агенттіктің хабарламасында операцияның сипаттамасы туралы ешқандай мәлімет айтылмаған. 

«Ұлттық жұмылдыру күштері» (ҰЖК) – Ирак үкіметі жағында «Ислам мемлекетіне» қарсы соғысып жатқан шиит, езид және христиан милицясының (тұрақсыз бөлімшелер) коалициясы. Ұйымның негізін шиитік түрлі қарулы топтар құрайды. БАҚ-тың мәліметтері бойынша ҰЖК Ирактың Қорғаныс министрлігінің ақшасы есбінен қаржыландырылған. Бұдан бөлек, «шиит милициясына» Иран қарулы күштерінің элиталық бөлімшесі -

«Ислам революциясы жасақтарының корпусы» (ИРЖК) қолдау көрсетіп отырған. 

ҰЖК коалициясы топтарының кейбір басшылары, мәселен, Катаиб Хезболла басшысы Абу Махди әл-Мухандис, АҚШ-та террорист деп танылған. 

Естеріңізге салсақ, бүгін түнде Ислам революциясы жасақтарының корпусы Эрбиле және әл-Асад аэродромдарындағы американдық авибазаларға зымырандық соққы берді. 

Al Hadath ақпараты бойынша, бірнеше американдық ұшақтардың көзі жойылған. Сонымен қатар, ирақтықтардың арасында бірнеше адамның зардап шеккені туралы да хабарланған.

3-қаңтарға қараған түні АҚШ Бағдад халықаралық әуежай аймағында Иран армиясының  элиталық бөлімшесі – «Кудс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Касем Сүлеймани мен Ирактағы шиит жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандисаға қарсы операцияны жүзеге асырған болатын. Вашингтон 2019 жылғы 31-желтоқсанда Бағдадтағы американдық елшілікке жасалған шабуылды ұйымдастыруға олардың қатысы бар деп санайды. Шабуыл барысында Сүлеймани және тағы 9 адам оққа ұшқан болатын. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg