АҚШ-тың Өкілдер палатасы Трамптың импичменті туралы істі сенаттың қарауына береді

Енді АҚШ басшысын лауазымнан алып тастау қажет пе деген мәселе cенатта шешіледі

Фото: Drop of Light / Shutterstock.com

Сәрсенбіде АҚШ-тың Өкілдер палатасы ел президенті Дональд Трампқа қатысты істі ары қарай сенатта қарастыру үшін көпшілік дауыспен «импичмент менеджерлерінің» аты көрсетілген резолюцияны мақұлдады, деп хабарлады  Интерфакс-Казахстан.

228 конгрессмен резолюцияны қолдап дауыс берсе, 193-і қарсы болған.

 «Импичмент менеджерлерін» тағайындау оларға АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасына Трампқа қарсы баптарды тапсыру өкілеттерін береді, жақында ол жерде сот процесі басталып, сенаторлар алқабилердің, ал Өкілдер палатасының мүшелері айыптаушы тараптың міндеттерін атқаратын болады.

Енді «импичмент менеджерлері» дауыс беруден кейін сенатқа аттанып, өздері жетекшілік ететін істің материалдарын тапсырулары керек. 

2019 жылғы 24-қыркүйекте американдық ақпараттандырушы Трамптың 25-шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы болған әңгімесіне қатысты алаңдаушылық білдіргеннен кейін, демократтар президентке қатысты импичмент процедурасы туралы  бастама көтерген болатын.

Әңгіме барысында Трамп Зеленскйиді АҚШ-тың экс-вице-президенті Джо Байденге және оның ұлы Хантерге қарсы, сондай-ақ Украина аумағынан 2016 жылғы американдық сайлауға араласу мүмкіндігіне қатысты тергеу бастауға шақырған болатын.

Соның нәтижесінде, өткен жылғы желтоқсанда АҚШ-тың Өкілер палатасы ел президенті Дональд Трампқа айыптаудың екі тармағы бойынша импичмент жариялады. Әңгіме  билікті теріс пайдалану және конгресс тарапынан жүргізілген тексеруге кедергі келтірілгені туралы болып отыр.

Енді Трампты, шын мәнінде, лауазымнан алып тастау қажет пе, деген мәселені сенат шешетін болады. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Жапония мен Еуроодақ Азия мен Еуропаны байланыстырғысы келеді

Олар жаңа Жібек жолына балама құра ала ма?

Фото: Shutterstock

Жапония мен Еуроодақ жасаған инфрақұрылым келісімін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жобасына балама жоба деп жатыр.

Еуроодақ пен Жапония көлік, энергетика және цифрлық салалардағы Еуропа мен Азияны байланыстыруы тиіс  жобаларды үйлестіру үшін инфрақұрылым келісімін бекітті.  Бұл құжатқа ЕО мен Жапония 27 қыркүйекте Брюссельде өткен халықаралық форумда қол қойған.

«ЕО мен Азия арасындағы байланыс: тұрақты даму үшін көпір орнату». Батыс Еуропа мен Американың бұқаралық ақпарат құралдарындағы бір-біріне өте ұқсас мақалалардан бұл инфрақұрылым келісімінің мақсаты Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасына салмақты балама жасау деген тұжырым байқалады. 

Айта кету керек, биыл қараша айында Еуропа комиссиясының төрағалығынан кететін Жан-Клод Юнкер мен  Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ қол қойған 10 тармақтан тұратын инфрақұрылым келісімінде Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасы туралы бір ауыз сөз жоқ. 

Батыс Балқан, Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Үнді-Тынық мұхиты аймағы және Африка елдерімен байланыс орнату  және инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықта «синергетика мен бір-бірін толықтыру» ниеті туралы тармақ бар. Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық сауда мен инвестицияны еркін, ашық, нақты ережелерге негізделген әділ және болжамды ілгерілету, сондай-ақ ашық сатып алу тәжірибесін енгізу, қолжетімді қарыз бен  жоғары экономикалық, қаржылық, әлеуметтік және экологиялық стандарттарды қамтамасыз ету қажеттігі туралы мәлімдеме бар. Келісім мәнмәтінінде Қытай туралы мүлдем айтылмаған. 

Ал Жапония мен Еуроодақтың қытайдың «Бір белбеу және бір жол» жобасына балама жасауға ұмтылысы туралы нұсқа, (айта кетейік, оған қазірдің өзінде 130 ел қосылған) Жан-Клод Юнкер мен Синдзо Абенің Брюссель форумында сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Атап айтқанда, Еуропа комиссиясының қазіргі төрағасы Жапониямен жасалған инфрақұрылым келісімінің сауда-саттық көлемін 36 миллиард еуроға арттыру ретінде әкелетін пайдасы туралы айта келе, жаңа жобаның барлық қатысушылары арасында тұрақты қаржылық байланыс құру қажеттігін атап өтті.

«Бұл жердегі сөз болашақ ұрпаққа таудай қарыз емес, бір-бірімен тығыз байлананысты әлем мен біршама таза табиғат қалдыру туралы.  Мемлекеттер арасында бір-біріне деген тәуелділік емес, әлем елдері арасында тең дәрежедегі байланыс орнату маңызды», – деп атап өтті Жан-Клод Юнкер.

Юнкердің «таудай қарыз» бен «бір-біріне тәуелді болу» туралы сөздері Батыс Еуропа және Америка басылымдарына Еурокомиссияның басшысы дәл Қытай туралы айтып жатыр деп тұжырымдауына мүмкіндік берді. Соған сәйкес тілшілер бірден Бейжіңнің қазірдің өзінде Қытайға экономикалық тәуелді елдердің пайда болуына ықпал еткен «қарыз дипломатиясын» еске алды. Олар 8 миллиард доллар қарызының кесірінен  стратегиялық маңызы бар Хамбантота портын Қытайға 99 жылға жалға беруге мәжбүр болған Шри-Ланканы мысалға келтіріп жатты. Әлемдік БАҚ сонымен қатар, Пәкістан, Черногория, Тәжікстан, Қырғызстанның «ірі көлемдегі қарызы» мен «Ақ піл» бағдарламасы бойынша Қытай салып берген инфрақұрылымның арқасында қарызға кіріп кеткен бірқатар Африка елдері туралы да айтып жатты.

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэнің сөзі де түрлі ойға азық тастады. Ол да өз кезегінде, Юнкер секілді, Брюсселдегі форумда жасаған баяндамасында Қытайды атап айтпады, есесіне қытай «жолына» балама бағыт белгілеп берді. 

«Еуроодақ пен Жапония бірлесе қадам жасаған  кезде, мейлі ол бір жол немесе порт болсын, Үнді-Тынық мұхиты аймағынан Батыс Балқан мен Африкаға дейін тұрақты, жан-жақты және түсінікті ережеге негізделген байланыс орнатуға болады. Жай байланыс емес, өте жақсы байланыс орната аламыз.  Бұл ретте Жапония, Үнді-Тынық мұхиты аймағы мен Еуропа арасындағы қатынас тұрақты болуы үшін Жерорта теңізі мен Атлант теңізіне апаратын теңіз жолы еркін әрі ашық болуы керек», – деп атап өтті Жапонияның премьер-министрі.

Ең қызығы, Брюссельдегі форумға ҚХР СІМ өкілі Сюэцзюн Гоның қатысқанына қарамастан, Қытай Жан-Клод Юнкер  мен Синдзо Абэнің сөзіне де, америка және батысеуропалық басылымдардағы көптеген мақалаларға  да еш жауап берген жоқ. Есесіне олар үшін бұны жапон басылымдары жасады. 

Нақты айтсақ, Japan Times іскерлік басылымы Еуропалық Одақтың бастамасымен құрылған инфрақұрылым туралы келісім Еуропа шенеуніктерінің Қытайға деген қызғанышынан туындағанын атап өтті, ҚХР тек «17 + 1» формуласы бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен ынтымақтастық аясында, олардың экономикасына 600 миллион евродан астам инвестиция салған.

Қорытындыға бірнеше қызықты деректер келтіре кетсек:

  • 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қытай мен Еуроодақтың тауар айналымы $684 млрд құрады.
  • 2018 жылдың қазан айындағы Синдзо Абэнің Бейжіңге сапары барысында Қытай мен Жапония ынтымақтастық туралы 50-ден аса келісімге қол қойды. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 320 млрд долларды құрады.
  • «ЕО мен Азия арасындағы байланыс: тұрақты даму үшін  көпір орнату" форумына қатысуға Қазақстаннан Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков шақырылған. Брюссельдегі форумда ЕАЭО мен ТМД-ның өзге елдерінің өкілдері төбе көрсетпеді.
     

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg