1 view

Түркия американдықтар үшін өзінің әскери базаларын жабуға дайын

Ердоган бұл Вашингтон санкциялар енгізсе, орын алуы мүмкін, деп мәлімдеді

Иллюстрация: Shutterstock

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоган Вашингтон әуе қорғанысының ресейлік С-400 жүйелерінің жеткізілгені үшін  санкциялар енгізетін болса, Анкара американдық әскерилерге өзінің әскери базаларын жабуға дайын екендігін мәлімдеді, деп жазады Интерфакс-Казахстан.

"Қажет болса, Түркия Инжірлік және Күйрежік авиабазаларын жабады ", - деді ол "А-хабер" арнасына берген сұқбатында, С-400 жүйелері бойынша АҚШ-пен арадағы қарым-қатынастағы күрделіліктер туралы әңгіме қозғай отырып.

Осы аптада түрік СыртқыІсМинінің басшысы Мевлют Чавушолу,  егер  Вашингтон С-400 қондырғыларын сатып алғаны үшін Түркияға қарсы санкциялар енгізетін болса, Анкара американдық әскерилерді Инжірлік авиабазасынан шығару туралы мәселені қарастыруы мүмкін екенін хабарлаған болатын. 

Инжірлік авиабазасы  осылай аталатын түрік қаласының маңында орналасқан. Оны АҚШ-тың да, Түркияның да әскери-әуе күштері пайдаланатын-ды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер