Тоқаев Қазақстандағы жеке басқа табыну туралы айтып берді

ҚР басшысы үлкен сұқбат берді

Фото: РИА Новости / Алексей Никольский

Қазақстан президенті Deutsche Welle басылымына берген сұқбатында Қазақстанның Қырым түбегіндегі жағдайға қатысты ұстанымы және елдгі биліктің ауысуы туралы айтып берді


- Сіз биыл Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін мерзіміне бұрын тоқтатуына байланысты президент болдыңыз. Биліктің бұлай берілуін кейбір сарапшылар 2008 жылғы Ресейдегі билікті берумен салыстырды. Ол кезде Дмитрий Медведев президент болып сайланып, ал Владимир Путин өзінің елеулі ықпалын сақтап қалған-ды. Осы салыстыру қаншалықты дұрыс?

- Ресейдегі билікті беру туралы мен ештеңе айта алмаймын, өйткені ол басқа мемлекет. Ал Қазақстанға келетін болсақ, мұнда саяси инновация орын алды деуге болады. Біз үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, аса үлкен құрметке лайықты азамат, Елбасы. Мен болсам, заңды сайланған президент, мемлекет басшысы, жоғары қолбасшы болып табыламын. Біздің арамызда ешқандай қарама-қайшылық (өзіңіз білесіз, кейде баспасөз осы тақырыпты қозғағанды ұнатады) жоқ. Мен жасырмаймын, біз бір-бірімізбен ақылдасамыз, кейде мен ол кісіден кеңес сұраймын. Бұл жерже ешқандай қос билік жоқ те, тандем де жоқ – заңды сайланған президент бар.

- Президент мырза, Қазақстан астанасын Нұр-Сұлтан деп атау сіздің бастамаңыз ба, мен бірінші президенттің құрметіне аталған әуежайға ұшып келдім, бас алаңға Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші орнатылған, 1-желтоқсан – Қазақстанның бірінші президентінің күні. Менің ойымша, бұл жеке басқа табыну сыңайлы. Сіз осымен келісесіз бе?

- Жоқ, келіспеймін. Білесіз бе, Шолохов «Жеке басқа табыну болды ма?» деген сұраққа жауап берген кезде, ол: «Тұлға болды ғой», деген. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – аса ірі тарихи тұлға.

- Бірінші президентті сынауға болама?

- Қазақстан азаматтары бірінші президентті сынайды. Атап айтарлығы, оған тоқтау салу мүмкін емес, өйткені әлеуметтік желілер, интернет жұмыс істеп жатыр. Жалпы, интернет біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті. 

- Олар жағымды өзгерістер ме?

- Менің ойымша, ол, әлбетте, ғылыми-техникалық прогресс, оны тоқтату мүмкін емес.

- Ол үшін жазалау болмай ма? Мәселен, әлеуметтік желілердегі сын немесе наразылық акцияларына қатысқаны, жалғыз пикеттерге шыққаны үшін?

- Қазір жалғыз пикетке шыққаны үшін ешкім ешкімді жазалап жатқан жоқ. Ол аз болса, мен айтайын, мұнда демонстрациялар болды, бірақ назар аударсаңыз полиция арнайы құралдарды пайдаланған жоқ. Менің нұсқауым бойынша. Ары кетсе, көзсіз арандатушылыққа барғандарды ұстады, оның өзінде де, ешқандай арнайы құралдарсыз. Керісінше, полицейлер манифестанттардан зардап шекті. Оншақты тәртіп сақшылары ауруханаға жеткізілді. Еуропадағы демонстрацияларды қулалап, таратумен салыстырып көріңіз. Ол жақта арнайы құралдар, водометтер, резеңке шоқпарлар қоладанады. Біз оның барлығын теледидардан көріп жүрміз. 

- Қазақстанның дамуы – саяси жүйенің және экономикалық салттың қалыптасуы - тұрғысынан алғанда. Сіздің республикаға қай модель жақынырақ: ресейлік пе әлде еуропалық па?

- Біз өз моделімізге ұмтылып отырмыз. Біз демократияны дамытуға ұниеттіміз. Айтпақшы, кейбір журналистердің сендіруіне қарамастан, Қазақстан Республикасында демократия бар. Бізде 3500 астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді, өз тарапымыздан біз оларға қолдау көрсетеміз. Мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы сөз қозғаған едім, оның құрамына белгілі журналистер, қоғам қайраткерлері, блогерлер, экономистер кіреді, мен олармен ара-тұра кеңесіп отырамын. Біз нарықтық экономика құрдық. Doing business (Әлемдік банктің бизнес жүргізуге жасалған жағдай сапасының индексі. - Ред.) көрсеткіші бойынша Қазақстан әлем бойынша 25 орында тұр. Осы коэффициент бойынша біз Ресейден озып кеттік.

- Украинадағы жағдай, атап айтқанда, Қырымды аннексиялау мен елдің шығысындағы соғыс Қазақстан үкіметін үрейлендірді ме?

- Біріншіден, Қырымда болған жағдайды біз аннексия деп айта алмаймыз. Болар іс болды. Аннексия – Қырымға қатысты артық айтылған сөз. Екіншіден, сіз айтқандай, ешқандай үрейлену болған жоқ, өйткені біз Ресей Федерациясымен тату-тәтті қарым-қатынастамыз. Біз әу-бастан, ресейлік басщылықтың даналығы мен парасаттылығына сенім арттық. Минскідегі келіссөздердің, шын мәнінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен басталғанын еске салғым келеді. Шынын айтқанда, ол кезде Елбасы Астананы ұсынған болатын. Алайда логистика тұрғысынан қиындықтар туындағандықтан, және Еуропадан алыс болуы салдарынан, ол келіссөздерді Минскіде өткізу туралы шешім қабылданған-ды. Қазіргі таңда, шынтуайтқа келгенде,  Минскідегі келісімдер украиналық деп аталатын қақтығысты реттеуге мүмкіндік беретін жалғыз құқықтық құжат болып табылады. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif