Францияда 1,5 миллион адам шеруге шыққан

Олар үкімет жоспарлап отырған зейнетақы реформасына қарсылығын білдірді

Фото: AFP

Францияның «Жалпыға ортақ еңбек конфедерациясы» кәсіподағы бүкіл ел бойынша  демонстрацияға шыққан тұрғындардың  саны 1,5 миллионға жетті деп  бағалайды. Бұл туралы «Фигаро» газетіне сілтеме жасаған «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды. 
    
Франция ІшкіІсМинінің деректері бойынша, жалпыұлттық шеруге 800 мыңға жуық адам шыққан, оның ішіндегі 65 мыңы – Париж тұрғындары. Сонымен қатар, Францияның Тулуза, Марсель, Лион, Бордо және Монпелье қалаларында мыңдаған адам наразылығын білдірген. 

Бұған дейін, Париж бен Францияның өзге де ірі қалаларында наразылық шеруі барысында демостранттар мен полиция арасында қақтығыс орын алғаны хабарланған еді. 

Францияда бейсенбі күні көлік, сондай-ақ білім беру саласы қызметкерлерінің мүддесін қорғайтын кәсіподақтардың ауқымды ереуілі өтті. Француздар Франция Үкіметі жоспарлаған зейнетақы реформасына наразылық білдіру үшін  көшеге шықты. Аталмыш реформа, бірқатар кәсіп өкілдері үшін зейнеткерлікке ерте шығуға немесе жоғары төлем алуға мүмкіндік беретін арнайы санаттарды қысқартуға бағытталған.

Ереуіл кесірінен, Францияда қоғамдық көлік тоқтап қалды. Жоғары жылдамдықты пайыздардың тек 10 пайызы жолға шыққан. Сонымен қатар, Эйфель мұнарасы да қызметкерлердің жетіспеуінен жұмыс істемеді. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif