1 view

АҚШ ғарыш әскерін жасақтайды

Бұл әскердің сапында 15-20 мың жауынгер болмақ

Фото: Shutterstock

АҚШ конгресі ғарыш әскерін құруды мақұлдады деп хабарлайды Reuters агенттігі. 

Америка Құрама Штаттарының Сенатының басым бөлігі құны 738 млрд доллар болатын қорғаныс туралы заң жобасына  дауыс берді. Жаңа заң жобасында әскерилердің жалақысын 3,1 пайызға көтеру мен отбасылық жағдайы бойынша демалысын төлеу де қарастырылған. 

«Бұл – америкалықтар үшін үлкен мүмкіндік»,– деп мәлімдеді дебат барысында АҚШ вице-президенті Майк Пенс.

АҚШ ғарыш әскерінің қатарында 15-20 мың жауынгер болады деп жоспарланған. 

АҚШ қорғаныс министрі Патрик Шанаханның пікірі бойынша, қазіргі кезде ғарыш саласында Ресей мен Қытайдан «елеулі қауіп» төніп тұр. 

Осылайша, АҚШ-тың қорғаныс саласына жұмсайтын шығыны, шамамен, 20 млрд долларға артпақ. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер