Сириядағы операциядан кейін Ердоғанның рейтингісі өсті

Көрсеткіш 48%-ға жетіпті

Иллюстрация: asnan_ad / Shutterstock.com

Сирияның солтүстік-шығысындағы түріктердің әскери операциясы басталғаннан бері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның атақ-даңқы артып, танымалдығы күрт өсті. Бұл туралы Metropoll  зерттеу компаниясының жүргізген сауалында айтылған, деп хабарлайды Интерфакс.

Түрік көшбасшысының әрекеттерін мақұлдау бір айда 3,7 пайыздық пунктке артып, 48%-ға жеткен. Бұл Ердоғанның 2018 жылғы президент сайлауындағы жеңісінен кейінгі ең жоғарғы көрсеткіші.

Президенттің қызметіне Түркия халқының 33,7% қолдау білдіріп отырған жоқ, бұл 2016 жылғы сәтсіздікке ұшыраған мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылыстан кейінгі ең төменгі көрсеткіш. Респонденттердің 18% қойылған сұраққа жауап бермеуді жөн көріпті.

Өткен жылы ауыр дағдарыс салдарынан түрік лирасының бағамы 30%-ға құлдырап кеткенде, ел арасында Ердоғанды қолдау әлсіреді. Елде инфляция мен жұмыссыздық күрт өсті.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған үстіміздегі жылғы 9-қазанда Сирияның солтүстік-шығысында күрд содырлары мен ИГ (Қазақстанда тыйым салынған) құрамына кіретін лаңкестерге қарсы күрес жүргізу үшін «Бейбітшілік бастауы» әскери операциясының басталғаны туралы хабарлаған болатын. Түркияның әскери операциясы көптеген елдердің сынына ұшырап, олардың алаңдаушылығын.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif