Хуситтер оңтүстік кореялық кемені басып алды

Сеул Йеменге қарай теңізбен әскери күштерін бағыттады

Фото: AFP

Йемен көтерілісшілері (хуситтер) Қызыл теңіздің оңтүстік бөлігінде үш кемені басып алды, деп хабарлайды Оңтүстік Кореяның СыртқыІсминіне сілтеме жасаған Yonhap.

Бортында Оңтүстік Кореяның екі азаматы және басқа елдердің 14 өкілі бар үш буксир 18-қарашаға қараған түні Қызыл теңізде Камаран аралынан батысқа қарай 24 километр жерде басып алынған. Бұрғылау қондырғысы бар бір буксир оңтүстік кореялық Woongjin Development Co тиесілі болса, басқалары – БАӘ фирмасы тарапынан жалға алынған.

Кемелер Джизан портынан Сомалидің солтүстік-батысындағы Бербер айлағына қарай баңыттап бара жатқан. Қазіргі таңда кемелер Йемендегі Ходейдының маңындағы Салиф портына жеткізілген.

Кемелдердің Отүстік Кореяға тиесілі екені расталса, көтерілісшілер оларды босатуға дайын. Сеул үкіметі Оман суларына қарай өзінің әскери-теңіз күштерін бағыттады, олар төтенше жағдай бола қалса, іске араласатын болады.

Хуситтер өздерінің әскери-теңіз күштері «Ходейды жағалауында сауд коалициясының екі әскери кемесін бақылауға алды», деп сендіруде, деп  хабарлайды AL Mayadeen телеарнасы.

«Қазіргі уақытта экипаж аман-есен және олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген», – деп мәлімдеді Йемен тарапының ресми өкілі Мухаммед Али Алхути.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif