Хуситтер басып алған кемелерді экипажымен бірге босатты

Олардың екеуі Оңтүстік Кореяға тиесілі болған

Фото: REUTERS/Mohamed al-Sayaghi

Йемен көтерілісшілері (хуситтер) өздері басып алған үш кемені 16 адамнан тұратын экипажымен бірге босатты, деп хабарлайды Yonhap ақпараттық агенттігі.

Бортында екі Оңтүстік Корея азаматы мен басқа елдердің 14 өкілі бар үш буксир 18-қарашаға қараған түні Қызыл теңіздегі Камаран аралынан батысқа қарай 24 километр жерде басып алынған болатын.

Бұрғылау қондырғысы бар екі буксир оңтүстіккореялық Woongjin Development Co компаниясына тиесілі болса, үшіншісі – БАӘ-ның фирмасы жалдаған Сауд Арабиясының кемесі болып шықты.

Басып алғаннан кейін 45 сағат өткенде барлық теңізшілер босатылды.

Естеріңізге салсақ, қыркүйекте хуситтер ұшқышсыз ұшатын ұшақтардың көмегімен саудтардың екі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған болатын.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif