Қазақстанның СыртқыІсмині Путин мен Зеленскийге ресми шақыртулар жіберген жоқ

Ресей мен Украина көшбасшыларының кездесуін ұйымдастыруды Назарбаев ұсынған болатын

Қазақстанның СыртқыІсмині Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Владимир Зеленскийге кездесу туралы ұсыныс жолдамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Интерфакс».

«Сіздер бұл туралы Елбасы «Астан клубында» айтқанын түсінулеріңіз керек, ал «Астана клубы» мұның жәй ғана талқылауға ұсынылған тақырып екеніне меңзейді (...) Бұл ресми ұсыныс немесе ресми ұстаным болған жоқ», - деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бұрын Қазақстанда Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруды ұсынған болатын. Сондай-ақ Зеленскийдің өзі де РФ басшысымен кездесуге қарсы емес.

Бұдан бұрын Путин Қазақстанның экс-басшысының ұсынысына қатысты пікір білдірген еді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif