Донбаста 3 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапқан

Жарияланды
Ал жараланғандарының саны 9 мыңға жуық

2014 жылдан бері Донбастағы қарулы қақтығыстар кезінде 3330 бейбіт тұрғын қаза тапты,  хабарлайды Біріккен Ұлттар Ұйымы.

БҰҰ Туиттердегі ресми парашасында осы 6 жыл ішінде 9 мыңға жуық адам жараланса, 1,3 миллионы ел ішінде қоныс аударғанын жазады. Ал 3,5 миллион халық көмекке мұқтаж.

Украинадағы қақтығыс салдарынан, қажетті қызметтерді алуға кедергі келтіретін, ұзындығы 427 километр «қақтығыс шебі» пайда болған.

Сондай-ақ оқыңыз