Skip to main content

Жапония мен Еуроодақ Азия мен Еуропаны байланыстырғысы келеді

Олар жаңа Жібек жолына балама құра ала ма?

Фото: Shutterstock

Жапония мен Еуроодақ жасаған инфрақұрылым келісімін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жобасына балама жоба деп жатыр.

Еуроодақ пен Жапония көлік, энергетика және цифрлық салалардағы Еуропа мен Азияны байланыстыруы тиіс  жобаларды үйлестіру үшін инфрақұрылым келісімін бекітті.  Бұл құжатқа ЕО мен Жапония 27 қыркүйекте Брюссельде өткен халықаралық форумда қол қойған.

«ЕО мен Азия арасындағы байланыс: тұрақты даму үшін көпір орнату». Батыс Еуропа мен Американың бұқаралық ақпарат құралдарындағы бір-біріне өте ұқсас мақалалардан бұл инфрақұрылым келісімінің мақсаты Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасына салмақты балама жасау деген тұжырым байқалады. 

Айта кету керек, биыл қараша айында Еуропа комиссиясының төрағалығынан кететін Жан-Клод Юнкер мен  Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ қол қойған 10 тармақтан тұратын инфрақұрылым келісімінде Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасы туралы бір ауыз сөз жоқ. 

Батыс Балқан, Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Үнді-Тынық мұхиты аймағы және Африка елдерімен байланыс орнату  және инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықта «синергетика мен бір-бірін толықтыру» ниеті туралы тармақ бар. Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық сауда мен инвестицияны еркін, ашық, нақты ережелерге негізделген әділ және болжамды ілгерілету, сондай-ақ ашық сатып алу тәжірибесін енгізу, қолжетімді қарыз бен  жоғары экономикалық, қаржылық, әлеуметтік және экологиялық стандарттарды қамтамасыз ету қажеттігі туралы мәлімдеме бар. Келісім мәнмәтінінде Қытай туралы мүлдем айтылмаған. 

Ал Жапония мен Еуроодақтың қытайдың «Бір белбеу және бір жол» жобасына балама жасауға ұмтылысы туралы нұсқа, (айта кетейік, оған қазірдің өзінде 130 ел қосылған) Жан-Клод Юнкер мен Синдзо Абенің Брюссель форумында сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Атап айтқанда, Еуропа комиссиясының қазіргі төрағасы Жапониямен жасалған инфрақұрылым келісімінің сауда-саттық көлемін 36 миллиард еуроға арттыру ретінде әкелетін пайдасы туралы айта келе, жаңа жобаның барлық қатысушылары арасында тұрақты қаржылық байланыс құру қажеттігін атап өтті.

«Бұл жердегі сөз болашақ ұрпаққа таудай қарыз емес, бір-бірімен тығыз байлананысты әлем мен біршама таза табиғат қалдыру туралы.  Мемлекеттер арасында бір-біріне деген тәуелділік емес, әлем елдері арасында тең дәрежедегі байланыс орнату маңызды», – деп атап өтті Жан-Клод Юнкер.

Юнкердің «таудай қарыз» бен «бір-біріне тәуелді болу» туралы сөздері Батыс Еуропа және Америка басылымдарына Еурокомиссияның басшысы дәл Қытай туралы айтып жатыр деп тұжырымдауына мүмкіндік берді. Соған сәйкес тілшілер бірден Бейжіңнің қазірдің өзінде Қытайға экономикалық тәуелді елдердің пайда болуына ықпал еткен «қарыз дипломатиясын» еске алды. Олар 8 миллиард доллар қарызының кесірінен  стратегиялық маңызы бар Хамбантота портын Қытайға 99 жылға жалға беруге мәжбүр болған Шри-Ланканы мысалға келтіріп жатты. Әлемдік БАҚ сонымен қатар, Пәкістан, Черногория, Тәжікстан, Қырғызстанның «ірі көлемдегі қарызы» мен «Ақ піл» бағдарламасы бойынша Қытай салып берген инфрақұрылымның арқасында қарызға кіріп кеткен бірқатар Африка елдері туралы да айтып жатты.

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэнің сөзі де түрлі ойға азық тастады. Ол да өз кезегінде, Юнкер секілді, Брюсселдегі форумда жасаған баяндамасында Қытайды атап айтпады, есесіне қытай «жолына» балама бағыт белгілеп берді. 

«Еуроодақ пен Жапония бірлесе қадам жасаған  кезде, мейлі ол бір жол немесе порт болсын, Үнді-Тынық мұхиты аймағынан Батыс Балқан мен Африкаға дейін тұрақты, жан-жақты және түсінікті ережеге негізделген байланыс орнатуға болады. Жай байланыс емес, өте жақсы байланыс орната аламыз.  Бұл ретте Жапония, Үнді-Тынық мұхиты аймағы мен Еуропа арасындағы қатынас тұрақты болуы үшін Жерорта теңізі мен Атлант теңізіне апаратын теңіз жолы еркін әрі ашық болуы керек», – деп атап өтті Жапонияның премьер-министрі.

Ең қызығы, Брюссельдегі форумға ҚХР СІМ өкілі Сюэцзюн Гоның қатысқанына қарамастан, Қытай Жан-Клод Юнкер  мен Синдзо Абэнің сөзіне де, америка және батысеуропалық басылымдардағы көптеген мақалаларға  да еш жауап берген жоқ. Есесіне олар үшін бұны жапон басылымдары жасады. 

Нақты айтсақ, Japan Times іскерлік басылымы Еуропалық Одақтың бастамасымен құрылған инфрақұрылым туралы келісім Еуропа шенеуніктерінің Қытайға деген қызғанышынан туындағанын атап өтті, ҚХР тек «17 + 1» формуласы бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен ынтымақтастық аясында, олардың экономикасына 600 миллион евродан астам инвестиция салған.

Қорытындыға бірнеше қызықты деректер келтіре кетсек:

  • 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қытай мен Еуроодақтың тауар айналымы $684 млрд құрады.
  • 2018 жылдың қазан айындағы Синдзо Абэнің Бейжіңге сапары барысында Қытай мен Жапония ынтымақтастық туралы 50-ден аса келісімге қол қойды. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 320 млрд долларды құрады.
  • «ЕО мен Азия арасындағы байланыс: тұрақты даму үшін  көпір орнату" форумына қатысуға Қазақстаннан Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков шақырылған. Брюссельдегі форумда ЕАЭО мен ТМД-ның өзге елдерінің өкілдері төбе көрсетпеді.
     

banner_wsj.gif

Ақ үй Қырғызстан және Беларуссия азаматтарының АҚШ-қа кіруіне не шектеу қоймақ

Сонымен қатар, шектеуге Мьянма, Нигерия, Судан, Танзания мен Эритрея ілінуі мүмкін

Фото: Bob Daemmrich / Zuma Press

ВАШИНГТОН –Трамп әкімшілігі Африкада халық ең көп тұратын Нигерияны қоса алғанда, тағы жеті мемлекетке АҚШ-қа кіруді шектеуді жоспарлап отыр. Бұл турасында осы елдердің тізімін көрген әкімшіліктегі лауазымды тұлғалар айтып берді.
Жаңа шектеулер Белоруссиядан, Қырғызстаннан, Мьянмадан, Нигериядан, Суданнан, Танзания мен Эритреядан келетін саяхатшылар мен иммигранттарға қатысты болмақ. Бұл елдердің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салу шарт емес, бірақ олар визалардың түрлері, мәселен, іскерлік немесе қонаққа келу визалары бойынша шектеулерге тап болуы мүмкін, дейді шенділер.

Кейбір елдердің азаматтарына визаларды ұтысқа шығаратын «Диверсификационная лотерея» бағдарламаларына қатысуға тыйым салынуы мүмкін, өйткені ол ұтыстарда АҚШ-қа иммиграция деңгейі төмен елдердің азаматтары грин-картаны ұтып алуы ғажап емес.  Президент Трамп қажеті жоқ тұлғаларға Штаттарға кіруге мүмкіндік беретін бұл бағдарламаны тоқтатуға шақырды. Ол қолданыстағы виза жүйесін білікті жұмысшыларды тартуға қайта бағдарлаулы ұсынды. 

Шенділер тізімнің түпкілікті бекітілмегенін алға тартты, олардың айтуынша, 21-қаңтарда Ақ үйде тізімге тағы бір немесе екі елді қосу қажет пе, деген дебаттар жүргізіліп жатқан-ды.     

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі пікір білдіру туралы сұрау сауларды жауапсыз қалдырды. Ал Мемлекеттік департамент бұл жаңалыққа қатысты пікір білдіруден мүлдем бас тартты.

Президент әкімшілігі шектеулерді кеңейтуді дүйсенбі, 27-қаңтарда енгізуді жоспарлап отыр, бұл Трамптың Ирак, Иран, Йемен, Ливяи, Сирии, Сомали және Судан азаматтарының елге кіруіне тыйым салуы туралы жарлығының үшінші жылдығымен қатар келмек, оған ол президенттігінің жетінші күні қол қойған-ды. Жарлық Трамп билігінің алғашқы кезеңінде ел арасында түрлі пікірлер тудырған болатын.

Ақ үй орын алуы ықтимал лаңкестік актілердің алдын алу үшін, елге кіруге шектеу енгізудің қажеттігі туралы айтты. Өйткені тізімге енгізілген елдер АҚШ-қа бет алған азаматтарды жеткілікті деңгейде тексерулерден өткізбейді

Негізінен, мұсылман елдеріне жататын жеті ел азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салған алғашқы жарлық федералдық сотта қабылданбай, кері шақырылып алынған болатын. Жарлықтың екінші нұсқасы 2017 жылғы наурызда шықты, бірақ жарлық бұрынғыдай, мұсылмандарды діни нанымы бойынша кемсітеді, деп мәлімдеген сот, оны да қабылдамай тастады. 

2017 жылғы қыркүйекте шығарылған жарлықтың үшінші нұсқасы 2018 жылғы маусымда Жоғарғы сот тарапынан қолдау тапқан (бес дауыс қолдаса, төртеу қарсы шыққан), өйткені федералдық заң президентке АҚШ-қа келуді уақытша тоқтатуға қатысты ауқымды өкілеттер берген.

Қазіргі саясатқа сәйкес, АҚШ-қа Ирак, Иран, Йемен, КНДР, Ливия, Сирия және Сомали азаматтары, сондай-ақ Венесуэланың саяси шенеуніктері кіре алмайды. Ақ үй бүл тізімге аз уақытқа Чадты да қосқан болатын, бірақ 2018   жылғы сәуірде оны тізімнен алып тастады.

Бастапқы тізімнен ерекшелігі, жаңа шектеулерге арналған тізімге енгізуге үміткер елдердің көпшілігі, негізінен, мұсылман елдеріне жатпайды. Соған қарамастан, ішкі қауіпсіздік министрлігінің деректері бойынша, осы елдердің кейбіреулерінің азаматтары АҚШ-қа кіруге берілген визаның мерзімін өткізіп алады.

2018 қаржы жылы АҚШ-қа іскерлік немесе қонаққа келуге берілетін визалармен кірген эритериялықтардың 24% визалардың уақытын өткізіп алған. Нигерия азаматтары үшін бұл көрсеткіш 15%-ды, Судан азаматтары үшін - 12%-ды құраған. Осы орайда, атап айтарлығы, жалпы, виза мерзімін өткізіп алған адамдардың саны 1,9%-ды құрайды.

Politico газеті шектеуге ілінуі мүмкін осы жеті ел туралы  бірінші болып хабарлады.

Иммигранттардың құқықтарын қорғаушылар жоспарланып отырған шектеу саясатын сын тезіне алды. 

«Ондаған мың американдық отбасылар қазірдің өзінде осындай қатал әрі әділетсіз тыйым салу салддарынан зардап шегуде және басқалардан бөлініп тасталған. Тыйым салуды күшейту біздің ешқайсымыздың қауіпсіздігімізді күшейтпейді», – деді мұсылмандардың азаматтық құқықтарын қорғау жөніндегі Muslim Advocates коммерциялық емес ұйымының президенті Фархана Хера. 

Елге кіруді шектеуді кеңейту жөніндегі шешім Трамп әкімшілігінің 2020 жылғы сайлау қарсаңында иммиграциялық  саясатты күшейтуге дайын екендігі туралы белгі береді. Трамп кеңесшілерінің пайымдауынша, бұл қадам президент үшін пайдалы болмақ.

Осы айда Трамп әкімшілігі Аризона штатындағы Юма қаласында Штаттардың оңтүстік шекарасында 100 мильдік бөгеуші қабырға көтерудің құрметіне тақтайша ілді. Сонымен қатар, президент әкімшілігі иммигранттарға баспана беруге қатысты саясатты қабылдаған қалалар мен штаттардың демократ-көшбасшыларын сын тезіне алуды күшейтті. Ақ үйдегі шенділер оларға қатысты жаңа шектеулерді қарастыруда.  

Қаңтарда федералдық судья штаттардың биліктеріне және жергілікті билікке босқындарды қауымға орналастырудан бас тартуға құқық беретін президенттің президенттің өкімін бұғаттап тастады.  

Трамп жарлығының үш нұсқасына да қарсы болған Азаматтық бостандықтарды қорғаудың американдық одағы елге кіруді шектеуді кеңейтуге қайтадан сотта қарсы боласыздар ма, деген сұраққа қатысты пікір білдірден бас тартты. 


 


 

Перевод с английского языка осуществлен редакцией Kursiv.kz

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif