УӘЖ ұшағына шабуыл жасалды деген хабардан кейін Boeing акциялары өсіп жатыр

Лайнер апатынан кейін авиаөндіруші акциялары 1,5% құлдыраған-ды

Фото:shutterstock

Boeing корпорациясы Тегеран маңында Украинаның халықаралық әуе жолдарының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін құнды қағаздарының құлдырауы салдарынан айырылған қаржысын кері қайтарып алуда. Авиалайнердің апатқа ұшырауына Иранның әуе қорғанысы күштері тарапынан жіберілген зымыран себеп болуы мүмкін  деген хабар шыққаннан кейін, компания акциясы 1,8% немесе ақша эквивалентінде $6,02 артып, бір данасының бағасы $337,35 дейін жетті.

Бірнеше күн бұрын, ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін Boeing қағаздары 1,42%-ға ($4,78) құлдыраған болатын. Бейсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамптың  ресми Тегеранның нұсқасына сенімді емес екені туралы мәлімдемесінен кейін котировкалар жоғары өрлей бастады.  Америка көшбасшысы трагедияға ұшақ қозғалтқыштарының біріндегі техникалық ақау емес, ирандық әскерилердің жіберген қатесі себеп болуы мүмкін дегенді жоққа шығарған жоқ.

Бірнеше сағаттан кейін, өздерінің барлаудағы және Пентагондағы дереккөздеріне сілтеме жасаған АҚШ-тың жетекші БАҚ-тары (CNN, СBS News и Newsweek) американдық әскерилерде Boeing 737-800 ұшағы Иран әуе қорғанысы күштерінің қарулануында тұрған ресейлік «ТОР-1» зенита-зымырандық қондырғысынан атып түсірілгенінің дәленлдемелері бар деген ақпарат таратты. Атап айтарлығы, журналистер лайнер әскерилер тарапынан жіберілген қателік салдарынан атып құлатылған дегенді алға тартып отыр. 

Лайнер құлауының осы нұсқасын Канада премьер-министрі Джастин Трюдо да негізгі деп есептейді

The New York Times ұшаққа жасалған шабуыл болуы мүмкін деген бейнежазбаны жариялады

Тегеран барлық айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығаруда. Lenta.ru хабарлағандай, Иран билігі қайғылы оқиғаны бірлесіп зерттеуге канадалық және американдық мамандарды шақырды. 

Тегераннан Киевке баратын рейсті атқарған Украина халықаралық әуе жолдарының Boeing 737-800 әуе лайнері өткен сәрсенбіде Имам Хомейни атындағы әуежайдан аспанға көтерілген соң, ұзамай апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 168 жолаушы және экипаждың 9 мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты. Жолаушылардың көпшілігі Канада мен Иран азаматтары. Қаза болғандардың арасында қазақстандықтар болған жоқ.  

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg