1 view

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды

Ол 9,25% деңгейінде қалды

Фото: Олег Спивак

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі. 

Инфляция 4-6% нысаналы дәліз шегінде сақталады. 2020 жылдың қаңтарында жылдық инфляция 5,6% болды. Азық-түлік тауарларының  бағасы 9,2%,-ға өссе, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,2%-ға қымбаттап,  ақылы қызмет бағасы 1,4%-ға өскен. Халықтың инфляциялық болжамы тұрақты.

 «Тұтынушылық және инвестициялық сұраныс экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Халықтың нақты ақшалай кірісінің өсімі 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында жылдық 5,8%-ды құрады, әлеуметтік қолдауға арналған бюджет шығысы былтыр 26,0%-ға артып, тұтынушылық несиелеу 26,9%-ға өсті. 2019 жылы инвестиция 8,5%-ға көбейді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, қысқа мерзімді экономикалық индикатор бір жылда 5,0%-ға өсті», – делінген хабарламада.

Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешім инфляцияның қалыптасқан және болжамды серпіні оның бағдарларына сәйкес келуі, сондай-ақ, ішкі және сыртқы тәуекелдердің балансы ескеріле отырып қабылданатын болады. Жағдай Ұлттық банктің болжамына сәйкес қалыптасса, сондай-ақ үкімет пен жергілікті атқарушы органдар азық-түлік нарығындағы бәсекелестікті арттыру және оңтайлы тарифтік саясат жүргізу шараларын қабылданған кезде ақша-кредит талаптары жеңілдеуі мүмкін. 

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2020 жылғы 16-наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жарияланады. 

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешімді бұған дейін 2019 жылғы 9-желтоқсанда шығарған еді. Ол кезде де мөлшерлеме өзгеріссіз қалған. 

базовая ставка.jpg


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер