Мемлекеттік органдар 130 млрд теңгеге жуық қаржы үнемдейді

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Соның ішінде 4,2 млрд теңге түрлі конференциядан бас тартудың есебінен қазынада қалады

Мемлекеттік органдар, әкімдіктер, квазимемлекеттік компаниялар  биыл 128,6 млрд теңге үнемдейді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Ә. Смайылов мәлімдеді. 

«Мемлекеттік органдар, әкімдіктер, ұлттық холдинг мен ұлттық компаниялар жүргізген жұмыстарының нәтижелері бойынша, қысқартуға ұсынылған шығыстардың жалпы сомасы 128,6 млрд теңгені құрайды: оның ішінде орталық мемлекеттік органдар – 23 млрд теңге, өңірлер – 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілері 79 млрд теңге үнемдейді», – деді қаржы министрі.

Нақтылай кетсек, 4,2 млрд теңге – семинар, конференциялар өткізуден; автокөлік сатып алу, іссапар, өкілдік шығыстар, талдамалық зерттеулерден– 15,7 млрд теңге, басқа да басымдыққа ие емес шығыннан 29,7 млрд теңге қысқартылады. 

Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл жұмыстың бәрі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басым емес шығыстарын қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау барсында атқарылып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз