Қазақстандықтардың депозиттерінде қанша қаржы жатыр?

Салымның басым бөлігі ұлттық валютада сақталған

Фото: Shutterstock.com

Былтыр халықтың депозитте жинаған қаржысы 9,3 трлн теңгеден асты. 12 айда салым көлемі 7,8 пайызға өскен. Қазақстандықтардың таңдауы – негізінен жедел салым. 

ҚР Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша, депозиттердің 5,4 трлн теңгесі немесе  бүкіл салымның 58,2%-ы ұлттық валютада жинақталған. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 пайызға өскен. Доллар және еуромен сақталған жинақ көлемі 3,8 трлн теңгені немесе 41,8%-ы құрайды.

Депозит түрлері бойынша алсақ, бірінші орында жедел жинақтар тұр. Олардың үлесі  – 86,1 пайыз. Қаражаттың қалған бөлігі қажет болған кезде бірден шешіп алатын депозит пен ұзақ мерзімді салымдарда жинақталған. 

Бас банктің дерегі бойынша, 2019 жылдың желтоқсанында теңгемен сақталған жедел салымдардың ең жоғары пайыздық мөлшерлемесі 9% болып белгіленген. Егер бұл көрсеткішті ай сайын қадағалап отырсақ, онда ол 2019 жылдың қаңтарындағы 10,2%-дан  – желтоқсан айында 9%-ға дейін төмендегенін байқауға болады. Шетел валютасындағы  жедел депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 1,5%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. 

Жеке салымдар бойынша аймақтардың арасында Алматы және Нұр-Сұлтан көш бастап тұр.

Бұған дейін Kursiv.kz Қазақстандағы депозит нарығын зерттеп, онда екінші деңгейлі банктер ұсынатын ең қолайлы  шарттар туралы мәлімет берген еді.

banner_wsj.gif

Карантин кезінде қаржы ұйымдары қалай жұмыс істейді?

KASE мен Бағалы қағаздардың орталық депозитариінің жұмыс уақыты да шектеледі

Фото: Shutterstock.com

Екі апталық қатаң карантин кезінде қаржы ұйымдары 10.00-17.00 аралығында жұмыс істейді. Бұл туралы Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығында айтылады. 

Бұған дейін жариланған карантин кезінде банк пен өзге де қаржы ұйымдары бір айдан аса уақытқа толық жабылған еді. Бүкіл операциялар тек онлайн жүргізілген болатын. 

Ресми сайтта жарияланған бұйрық бойынша, бұл жолы қаржы ұйымдары қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан қызмет етуге көшіріп, банкоматтар мен терминалдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Көтпеген қаржылық қызметті онлайн көрсетуді барынша қолға алуы керек.

Бұл талаптар екінші деңгейлі банктер ғана емес: 
1) айырбастау пункттері;
2) сақтандыру компаниялары;
3) брокерлік компаниялар;
4) микроқаржы ұйымдары, несие серіктестіктері, ломбардтар;
5) төлем ұйымдары;
6) коллекторлық агенттіктерге де қойылады. 

Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі карантин кезінде таңғы 9.00-ден  кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бұл ретте, Ұлттық Банк 7-17 шілде аралығында KASE-дегі тұрақты  операцияларды, соның ішінде валюталық своп және РЕПО операцияларын, депозит тарту және шетел валютасымен қолма-қол операцияларды 15:00-ге дейін жүргізеді.

Ашық нарықтың операциялары, соның ішінде қысқа мерзімді ноталарды орналастыру бойынша аукцион мен депозиттік аукцион әдеттегідей жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, коронавирус Қазақстанда 13 наурызда анықталды. Мемлекет басшысының жарлығы бойынша, елде 16 наурыздан бастап Төтенше жағдай режимі енгізілді. 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. Кейінірек Президент төтенше жағдай режимін екі рет: 14-і және 27 сәуірде ұзартқан.

Президент 11 мамырда үндеу жариялап, елдің барлық аумағында төтенше жағдай режимінің тоқтағанын мәлімдеді. Алайда бірқатар өңірлерде вирус жұқтыру қаупі сейілмей тұр. Кейінірек Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге жаңа шектеу шаралары енгізілді.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg