Қазақстан Ресей нарығына облигация орналастырады

Жарияланды
Бұл ақша бюджеттегі дефицитті жабу үшін қажет

Қазақстан алдағы уақытта Ресей нарығына қазыналық облигацияларын орналастыруды жоспарлап отыр. Оның жалпы құны 500 млн долларға жетеді, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.

Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, Ресей нарығында арзан болғандықтан, таңдау соған түскен. 

«Биыл біз Ресей нарығына кіруді жоспарлап отырмыз. Құны 500 млн доллардан кем емес облигация орналастырамыз. Неге Ресей нарығын таңдадық? Өйткені мөлшерлемесі аз, тәуекел де төмен», – деді Смайылов. 

Бағалы қағаздар қай уақытта орналастырылады деген сауалға министр алдағы «бір-екі айда» деп жауап берді. 

Ал Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі бағалы қағаздарды орналастырудағы мақсат – «бюджет дефицитін жабу» деп хабарлады. 

Сондай-ақ оқыңыз