Қаржы пирамидасының басты 6 белгісі қандай?

Қаржы мониторингі комитеті алаяқтардың арбауына түспеу жолын айтты

Фото: Shutterstock.com

Елімізде қаржы пирамидасының белгілері бар ұйым құру және оған түрлі алаяқтық жүйе арқылы халықты тарту кейінгі кезде жиілеп кетті. 

Осы ретте ҚР Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті алаяқтардың арбауына түспеу үшін олардың негізгі белгілерін біліп жүру қажет дейді. 

Қаржы пирамидасының басты белгісі – өте үлкен табыс уәде ету.  Жоғары табыс туралы уәде өзгелерді тарту үшін бір рет орындалуы мүмкін, бірақ үлкен қаражатты жоғалту тәуекелі тым жоғары. 

"Қаржы пирамидасына, әдетте, ерікті түрде және ешқандай  құқықтық  негізсіз кіреді. Демек, ешкім салынған қаражатты қайтаруға ешқандай кепіл бермейді", –делінген хабарламада.

Екінші белгі: компанияның нақты экономикалық немесе инвестициялық қызметі жоқ. Пирамидалар тауар, несие, туристік, құрылыс компаниялары атын жамылады. Бірақ шын мәнінде,пирамиданың бұрынғы салымшыларына барлық төлем жаңа салымшылардың жарнасы есебінен жүргізіледі. 

Үшінші белгі: мұндай жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни бұл компания қайта құрылған, не қаржылық есептілігі жоқ, не келісім-шарт жасамайды, жасалған күннің өзінде, тек ұйымдастырушылардың пайдасына жасалған және қолданыстағы  ҚР заңнамасына сәйкес келмейді. 

Төртінші белгісі - компанияның қызметі жан-жақты, тұтастай алғанда нақты бір бағыты жоқ. 

Бесінші белгі – әлеуметтік желідегі «жабысқақ» жарнама. Қаржы пирамидасы туралы жарнаманы БАҚ-та таратуға заңмен тиым салынғандықтан, бұл заңсыз бизнес әлеуметтік желі мен мессенджерге көшкен. 

Алтыншы және ең маңызды белгі – қаржылық реттеуші берген лицензиясының болмауы. Егер шарты мен пайыздық мөлшерлемесі көрсетілген болса, кез келген жарнаны салым деп атауға болады. Халықтан жинақ ақша қабылдау үшін ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы қажет. Ал бұл лицензия екінші деңгейлі банктерге беріледі.

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңына сәйкес, банк халықпен жұмыс істейді және инвестицияның қайтарылуына кепілдік береді. Алайда қаржы пирамидасын құрушылар лицензияның қажеті жоқ деп сендіруге тырысады. 

«Сондықтан Қаржы мониорингі комитеті жоғарыда айтылған белгілер айқын байқалатын, күмәнді ұйымдарға қаржы салмауға шақырады».
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Теңгенің әлсіреуіне не себеп?

Ұлттық банк бұл дамушы елдердің валюталарына ортақ құбылыс деп тұжырымдайды

Фото: kursiv.kz

Өткен аптадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің нарықтық бағамы 0,9%-ға (414,09-дан) құнсызданып, бір АҚШ доллары үшін 418 теңге деңгейінде қалыптасты. Ұлттық банктың жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша 24-31 шілде аралығына жасаған шолуында теңгемен қатар, реал, рупия, песо, лира және рубль бағамы қамтылған.

«Сыртқы валюта нарығында  бұл аптада бірқатар маңызды оқиғалар болды. АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде (0-0,25%) сақтап қалып, ФРЖ басшысы Орталық банк ынталандырушы саясатының ұзақ уақыт сақталатыны және экономиканы қалпына келтіру үшін реттеушінің басқаруындағы барлық құралдардың пайдаланатынын мәлімдеген. Апта ішінде әлсіз макроэкономикалық деректер мен Дональт Трамптың президенттік сайлауды кейінге қалдыру ұсынысына байланысты саяси тәуекелдердің өсуі аясында АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі байқалды. 2020 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткішті есептеу басталған кезден АҚШ (-32,9% ж/ж) және Еуроаймақ (-15% ж/ж) экономикаласының аса қатты құлдырағаны байқалды» делінген реси хабарламада. 

Осы орайда Ұлттық банк монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов дамушы елдер валюталарының құнсыздану ортақ тренд деп пайымдайды.

«Валюталардың әлсіреуі дамушы елдердердің валюта нарығына ортақ құбылыс екенін атап өткім келеді. Мысалы, Түркия, Оңтүстік Африка және Ресей валюталары  теңгеден де қатты әлсіреп, сәйкесінше 1,8%, 2,5% және 3,4%  құнсызданды. Теңге бағамына мұнай бағасынан бөлек, ішкі факторлар мен рубль динамикасы әсер етеді», – дейді Ұлттық банк өкілі.  

Айталық, Бразилия реалы АҚШ долларының макроэкономикалық көрсеткіштер нашарлауы салдарынан 0,2%-ға әлсіреуі нәтижесінде сәл-пәл  (5,23-тен 5,22-ге) нығайды. Коронавируспен күреске бағытталған шығынның өсуі себепті бюджет тапшылығы қатарынан үш айда рекордтық деңгейде тұр. 

Индонезия рупиясы 0,1%-ға (14 610-нан 14 600-ге) нығайды. Қаржыминінің болжамы бойынша бюджет тапшылығы алдыңғы болжамның шегінен  4,7%-ға шығып, 2020 жылы 5,2%-ға жетеді.

Мексика песосы апта ішінде 22,28 деңгейінде қалды. Сауда балансының профициті маусымда $5,55 млрд (талдаушылардың $1,55 млрд болады деп күткен) болды.  
Үнді рупиясы қаралып отырған кезеңде 74,83-тен 74,82-ге нығайып, валюта бағамы аса өзгерген жоқ. 

Түрік лирасы 1,8%-ға (6,85-тен 6,97-ге) әлсіреді.  Орталық банк жыл соңындағы инфляцияның қарқыны бойынша болжамды 8,9%-ға дейін 1,5 п.т. өсірді.   

Оңтүстік Африка ранды сауда балансы туралы деректер шығардың алдында борыш нарығынан капиталдың әкетілуі аясында 2,5%-ға (16,66-дан 17,07-ге дейін) әлсіреген. 

Ресей рублі дивидендтік кезең шеңберінде рубльдегі қаражаттың шетелдік валютаға айырбасталуы аясында 3,4%-ға (71,7-ден 74,13-ке) әлсіреді.  

курс валют 24-31 июля-01-01 (1).jpg

Дереккөз: Ұлттық банк

Нұржан Тұрсынхановтык айтуынша, теңге динамикасының өзгеруі мен валюта бағамына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. 

«Ең бастысы – мұнай бағасы.  Бірінші жартыжылдықта минералды өнімдер барлық экспорттың 70%-ын құрап, олардың бағасы әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты төмендеді. Ол өз кезегінде теңгеге кері әсерін тигізді. Енді қор биржасындағы қазіргі жағдайды және теңгенің бағамына қатысты жайтты талдап көрейік. Құрбан Айт мерекесіне орай жұма күні биржа жұмыс істемеді. Ал сол кезде әлемдік қаржы нарығы өз қызметін жалғастыра берді. Сондықтан, дүйсенбіде банктер биржада валютаны  әдеттегіден көбірек сатып алды»,– деді Нұржан Тұрсынханов.

Сонымен қатар, ол жыл басынан бері, биржада күн сайын орта есеппен 110 млн доллар саудаланағанын айтып өтті. Бұл көрсеткіш 80 миллионнан басталып,  170 миллионға дейін жетеді.

     

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg