Қаржы министрлігі электронды аудитты жолға қоюды жоспарлап отыр

Дайындық жұмыстары жүріп жатыр

Фото: Асқар Ахметуллин

Қаржы министрлігі жақын арада бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптарды нақтылайды, деді мәжіліс отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смайылов. 

«Ең алдымен ақпараттық жүйе жасап, оны сынақтан өткізіп көреміз. Жақын арада  нарықтағы бухгалтерлік есепке қатысты ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар нақтыланады. Жүйенің дайын болуына қарай, кіріс деректерін тексеріп және қаржылық есеп айырысудың электрондық аудитін жүргізетін боламыз», – деді ол. 

Министр бұл шара бюджетті жоспарлау үшін қажет деректерді алуға мүмкіндік тудыратынын айтып өтті. 

Оның айтуынша бухгалтерлік есеп-қисап ережелері бұзылмай, оны бұрмалауға жол бермес үшін  мемлекеттік мекемелерде бұлтты бухгалтерия жүйесін енгізу қажет. Сонымен қатар аудитті дамыту бағытында қолға алынуы тиіс шалардің бірі – бюжеттік процесінің барлық кезеңінде мемлекеттік мекеме ақпараттық жүйелерін интеграуциялау мен Big data analyses.  

Тексеруді қашықтықтан жасау әдісінің ( комплаенс, камералық бақылау) енгізілуі аудит кезінде адами факторды азайтып, жемқорлық тәуекелдерін төмендетті.

Сондықтан Қаржы министрлігі бұл істі ақпараттық жүйелер арқылы барынша автоматтандыруды (Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, екінші деңгейлі банктер және басқалардың ақпараттық жүйелері) мақсат етіп отыр. Басқа мемлекеттік органдардың деректер базасымен ықпалдасу өз кезегінде құқық бұзудың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді деп пайымдайды Смайылов.
 

banner_wsj.gif

Коронавируспен күреске қанша қаржы бөлінді?

ДСМ мәліметі бойынша, бөлінген қаржының жалпы сомасы 114 млрд теңгені құрайды

Фото: Курсив

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусқа күреске бөлінген қаражат туралы айтып берді. Ведомство басшысының айтуынша, ауруға қарсы тұруға бөлінген қаржының жалпы сомасы 114 млрд 826 млн теңгені құраған.

«Бұл қаржының 40 млрд 58 миллионы Үкімет қорынан бөлінді. Жеке қорғаныш құралдарын сатып алуға  – 21 млрд 184 млн теңге, дәрі - дәрмек, медициналық бұйымдар сатып алуға – 2 млрд 30 млн теңге, зертханалық жабдықтар мен коронавирусты анықтауға арналған жүйелерді сатып алуға 2,5 млрд теңге қарастырылған», – деді министр  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, коронавирусты анықтауға қажетті реагенттерді әзірлеу және шығару қызметін сатып алуға –  100 млн теңге, ПТР әдісімен зертханалық зерттеулерге –13,7 млрд теңге, жедел медициналық көмек автомобильдерін жабдықтауға қажетті өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға 310 млн теңге кеткен.

Бұл ретте Алексей Цой Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға 131 млн теңге жұмсалғанын мәлімдеді.

"Республикалық бюджеттен 74 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде 19,5 млрд теңге – инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарлардағы медициналық қызметтерге, 40,4 млрд теңге –карантин шараларына тартылған қызметкерлерді ынталандыруға, 14,8 млрд. теңгесі – Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында жедел салынатын үш инфекциялық ауруха салуға жұмсалды",–  деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, наурыз айында АҚШ үкіметі коронавирус инфекциясымен күрес әлеуетін күшейту үшін Қазақстанға $ 890 мың бөлуге дайын екендігі хабарланған. Бұл жөнінде олар Қазақстанда алғашқы вирус жұқтырғандар анықталғанға дейін мәлімдеген болатын. Кейінірек CDC агенттігі (АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) осы мақсатқа 1,68 млн доллар бөлінгенін хабарлады.

Мамыр айында АҚШ коронавируспен күреске Қазақстанға қосымша 1,5 млн доллар бөлетінің мәлімдеп, нәтижесінде көмектің жалпы сомасы 3,11 млн долларға жетті.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg