Сауда-саттықтың биылғы төмендеуін KASE топ-менеджерлері түсіндірді

Атап айтарлығы биржа индексі өсімді көрсетіп отыр

Фото: Олег Спивак

2019 жылы Қазақстандық қор биржасындағы сауда-саттығы біріккен жиынтығының көлемі өткен жылғы көсрсеткішпен салыстырғанда, 7,6%-ға төмендеп, 118,1 триллион теңгені құраған. 

Қысқару бірнеше сауда алаңдарының: акциялар нарығы, ақшалай және валюталық нарықтар есебінен орын алған. Шетелдік валюталар нарығындағы сауда-саттықтар көлемі 11,1 трлн теңгені құраған, бұл өтккен жылғы көрсеткіштен 17,1% немесе 2,3 трлн теңге төмен. 

Ақшалай нарық 7%-ға азайған. Мұндағы сауда-саттықтардың біріктірілген көлемі 101,7 трлн теңгені құрады (2018 жыл - 7,8 трлн теңге). 

«Свопа және  репо нарықтарына көп факторлар әсер етеді, мәселен, жаңа қызметтер пайда болады. Шетелдік валюталар нарығына келетін болсақ, ол экспортерлердің валюталық түсімдерінің объективтік төмендеуіне байланысты», - деп түсіндіреді KASE төрайымының орынбасары Андрей Цалюк. 

«KASE-дегі  Орталық контрагент (ОК) қызметінің іске қоылуына байланысты биржаның сауда жүйесінде жаңа қызметтер пайда болды. Қатысушылар, әзірше, ОК-ның артықшылықтарын түсінбей жатыр, бірақ ол жақтағы операциялар қымбатқа түседі. Дегенмен банктер шетелдік қатысуларды жақсы қабылдайды», - дейді KASE басқармасының төрайымы Алина Алдамберген.

Акцияларды саудалау көлемі 2019 жылы 2018 жылғыға қарағанда, 62,3%-ға немесе 336,3 млрд теңгеге құлдырап, 203,6 млрд теңгеге дейін жетті. Мұндай елеулі төмендеу 2018 жылы тұрақты емес сипаттағы мәмілелер көлемінің көп болуына байланысты орын алған, дейді қазақстандық қор биржасы төрайымының орынбасары.  

«Өткен жылы «қандай да бір ұйымды құтқару жөніндегі операциялар» аз болды, 2018 жыл мұндай мәмілелерге толы болды. Сонымен қатар, KASE-нің ресми тізімінен Kaspi Bank, АЛАТАУ-ҚҰС, «Цесна» корпорациясының және «ҚазМұнайГаз» Барлау-өндіру акциялары шығарылды, - деп еске салды Цалюк мырза. 

Соңғы 12 айда сауда-саттығы көлемінің төмендегеніне қарамастан, KASE индексі 2,6%-ға артып, 2 363,79 тармаққа дейін жеткен.


 

banner_wsj.gif

Карантин кезінде қаржы ұйымдары қалай жұмыс істейді?

KASE мен Бағалы қағаздардың орталық депозитариінің жұмыс уақыты да шектеледі

Фото: Shutterstock.com

Екі апталық қатаң карантин кезінде қаржы ұйымдары 10.00-17.00 аралығында жұмыс істейді. Бұл туралы Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығында айтылады. 

Бұған дейін жариланған карантин кезінде банк пен өзге де қаржы ұйымдары бір айдан аса уақытқа толық жабылған еді. Бүкіл операциялар тек онлайн жүргізілген болатын. 

Ресми сайтта жарияланған бұйрық бойынша, бұл жолы қаржы ұйымдары қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан қызмет етуге көшіріп, банкоматтар мен терминалдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Көтпеген қаржылық қызметті онлайн көрсетуді барынша қолға алуы керек.

Бұл талаптар екінші деңгейлі банктер ғана емес: 
1) айырбастау пункттері;
2) сақтандыру компаниялары;
3) брокерлік компаниялар;
4) микроқаржы ұйымдары, несие серіктестіктері, ломбардтар;
5) төлем ұйымдары;
6) коллекторлық агенттіктерге де қойылады. 

Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі карантин кезінде таңғы 9.00-ден  кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бұл ретте, Ұлттық Банк 7-17 шілде аралығында KASE-дегі тұрақты  операцияларды, соның ішінде валюталық своп және РЕПО операцияларын, депозит тарту және шетел валютасымен қолма-қол операцияларды 15:00-ге дейін жүргізеді.

Ашық нарықтың операциялары, соның ішінде қысқа мерзімді ноталарды орналастыру бойынша аукцион мен депозиттік аукцион әдеттегідей жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, коронавирус Қазақстанда 13 наурызда анықталды. Мемлекет басшысының жарлығы бойынша, елде 16 наурыздан бастап Төтенше жағдай режимі енгізілді. 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. Кейінірек Президент төтенше жағдай режимін екі рет: 14-і және 27 сәуірде ұзартқан.

Президент 11 мамырда үндеу жариялап, елдің барлық аумағында төтенше жағдай режимінің тоқтағанын мәлімдеді. Алайда бірқатар өңірлерде вирус жұқтыру қаупі сейілмей тұр. Кейінірек Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге жаңа шектеу шаралары енгізілді.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg