Skip to main content

Биржадағы доллар бағасы өсті

Ол 379 теңгені құрады

Фото: Shutterstock

14-қаңтарда Қазақстанның қор биржасында (KASE) теңге/доллар жұбының таңғы сауда-саттығы өтті.

Сессия қорытындылары бойынша орташа сараланған бағам бір доллар үшін 379,16 теңгені құрады.

Ұлттық валюта долларға шаққанда 1,51 теңгеге әлсіреді.
 

Доллар бағамы-1.png

banner_wsj.gif

Шілде айында жинақ депозиттер бойынша мөлшерлеме қандай болмақ?

Депозиттерге кепілдік беру қоры мөлшерлеме бұрынғы деңгейінде қалады дейді

Фото:shutterstock.com

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша шілде айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерінің бекітілгендігін хабарлайды. 

12 және 24 айға қабылданған жинақ депозиттер бойынша ұсынылатын шекті мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалады, яғни толықтырылатын түрі - 12,9% және сәйкесінше толықтырылмайтын түрі - 14,9%. Бұл ретте осы мерзімдерге ашылған мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер толықтырылатын түрі бойынша 0,1 пайыздық тармаққа және толықтырылмайтын түрі бойынша 0,3 пайыздық тармаққа азаяды. 

Айта кетелік, 12 және 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер орташа алынған нарықтық сыйақы мөлшерлемелері негізінде есептеледі. 
  
ҚДКБҚ қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін баяу төмендету туралы бұған дейін қабылдаған шешіміне сәйкес базалық мөлшерлемеге қатысты спредті 1 п. тармаққа төмендетті. Осылайша 9,5 пайыз болатын қазіргі қолданыстағы базалық мөлшерлеме мен жеке тұлғалардың салымдары бойынша бұған дейін бекітілген мөлшерлемелер арасындағы алшақтық біртіндеп азайтылды.
 

tablicha_node_173188.JPG

Соның нәтижесінде теңгедегі мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 10,0 пайыз деңгейінде бекітіледі. Толықтыру құқығы бар, 3 және 6 ай мерзімге арналған мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер – 10,0 пайызды, толықтырылмайтын түрі бойынша - 10,5 пайызды құрайды. Осы мерзімге арналған жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелер, толықтырылатын түрі бойынша – 11,0 пайызға, ал толықтырылмайтын түрі бойынша 11,5 пайызға тең.

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png